Қылмыс және оқиғалар

Алматы ауданында қуаты жоғары кабельдер анықталып, тәркіленді

31 қазан, 10:1749
Автор: Elorda Aqparat
Фото Полиция департаментінен алынды Фото Полиция департаментінен алынды

Бас қаланың темір және бағалы материалдар қабылдайтын бекеттері тексерілуде, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Алматы ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аудан әкімінің аппаратымен бірлесіп, қара және түсті металл және басқа да бағалы материалдарды қабылдайтын бекеттерге рейдтік іс-шаралар өткізді. Қабылдау бекеттерін күнделікті аралау барысында Алматы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері бекет иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ақпаратта.

Департаменттің хабарлауынша, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

«Сонымен қатар, 30 қазандағы рейд кезінде Жұмабаев көшесінде орналасқан темір қабылдау орнында қуаты жоғары кабельдер анықталып, тәркіленді. Осы факт бойынша тергеу жүргізілуде. Іс-шараны өткізу кезінде ұрланған түсті металлдарды сатып алуға жол бермеу туралы профилактикалық жұмыстар атқарылуда», - деп хабарлайды аталған мекеме.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх