Өңірлер жаңалығы

Алаштан ән оздырған біртуар тұлға ұлықталды

08 қараша, 20:1140
Автор: Elorda Aqparat
Фото: Гүлмира Сарина/Instagram Фото: Гүлмира Сарина/Instagram

Семейде Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтің 70 жылдығына арналған бірқатар шара өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Семей қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен фестивальда республиканың әр өңірінен 30-дан аса әнші Жәнібек Кәрменовтің орындауындағы әндерді шырқады.

Бұған дейін Жәнібек Кәрменов көшесінің бойына әншінің ескерткіш-тақтасы қойылған болатын.

Көзі тірісінде халықтың ыстық ықыласына бөленген дүлдүл әншінің мерейтойына арналған шараға Жәнібек Кәрменовтің жары мен кезінде бірге жүрген досы жазушы Тұрсын Жұртбай және басқа да зиялы қауым өкілдері жиналып, естелік әңгімелерімен бөлісті. 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх