Сайлау-2019

Пікір: Сайлау бүкіл тұрғынның болашағы үшін елеулі жайт болды

20 маусым, 08:09161

Еліміз бойынша 9 маусымда өткен  Қазақстан Президентінің сайлауы туралы жастар пікірлерін ашық білдіруде. Солардың бірі Ақылжан Дүйсенғалиұлы, деп хабарлайды Елорда Инфо  «Аstana-akshamy» гаезтіне сілтеме жасап.

– Биылғы еліміздегі Президент сайлауы мемлекетіміздің тарихында ең тартысты әрі қызу өткен сайлау болды дер едім. Бұған дейінгі уақытта сайлауға деген ерекше қызығушылықты замандастарым,жора-жолдастарым тарапынан онша байқай бермейтінмін. Ал бұл жолы 18 жастағы жасөспірімдерге дейін бұл шараға барынша атсалысып, өздерінің болашағы үшін таңдау жасауда белсенділік танытты. Мен бұдан өте дұрыс өзгерісті көремін. «Менің бұл оқиғаға қатысым қанша?», «Мен бәрібір ештеңе шешпеймін» деген секілді енжар көзқарастардың қазіргі таңда азайғанын ұқтым және соған қуандым.
Біз әдетте Батыстан үлгі алуға тырысамыз. Оның жақсы жақтарын өзімізге «жұқтырғымыз» келеді. Сондай қасиеттердің бірі – олардың кез келген нәрсеге энтузиазммен қарайтыны. Тіпті, ұсақ-түйек мәселелерге дейін «мұның маған қатысы жоқ» деп ысырып қоймай, кәрісі бар, жасы бар, соңын зерттеп, бір нәтижеге жетуге тырысып жүреді. Ал сайлау тақырыбы бүкіл тұрғынның болашағы үшін ең елеулі жайттардың бірі емес пе?! Бүгін сайлауда дауыс беруден тысқары қалғанның ертеңіне «анау ұнамайды, мынау жаман» деп жыламсырауына еш негіз жоқ деп ойлаймын.

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх