• USD 385
  • EUR 434

Өңірлер жаңалығы

Ақтөбеде мұғалімнен құрт ауруы анықталды

06 қыркүйек, 13:43127
Автор: Elorda Aqparat

Оқу жылының басындағы медициналық тексеріс кезінде мұғалімдердің бірінен туберкулез ауруы анықталған. Бұл туралы Елорда Инфо «Ақтөбе Таймс» газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Емхананың педиатры хабарласып, тез арада баламды дәрігерлік тексеруден өткізу керектігін айтты. Баламның айналасында жүрген адамдардың бірі туберкулез жұқтырыпты. Жаз бойы «Шығармашылық академиясынан» басқа ешқайда бармаған. Өзге ата-аналардың айтуы бойынша мұғалімнен туберкулез анықталыпты», деді ата-аналардың бірі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы да бұл фактіні растап отыр.

«1959 жылы туған адамнан жыл сайынғы флюорографиялық тексеру кезінде осы ауру анықталды. Қосымша тексеру жүргізіліп, өкпе туберкулезі расталды», - деп көрсетті Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Қазір эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, араласқан адамдары тексеруден өтіп жатыр.

«Бұл ауру адам ағзасының ішінде ғана болады, сондықтан туберкулездің бұл түрінен айналасындағы адамдарға қауіп жоқ. Екі апта бойы барлық балаларды тексереміз», - деп көрсетті басқарма өкілдері.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх