• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар, Өңірлер жаңалығы

Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының құрылысында қытай азаматтары заңсыз еңбек еткен

08 тамыз, 11:1437
Автор: Elorda Aqparat
Фото: Kazautozhol.kz Фото: Kazautozhol.kz

Атырау облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында Ақтөбе – Атырау – Астрахань автожолы құрылысында Қытай Халық Республикасы азаматтарының заңсыз жұмыс істегенін анықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Сағыз – Мұқыр трассасының құрылысында заңсыз еңбек еткен 14 қытайлық ұсталды. Тексеру барысында оларда «іскерлік» санатындағы визалар бары белгілі болды. Бірақ бұл санаттағы виза Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыру құқығын бермейді. Қазіргі уақытта сот шешімі бойынша Қытай азаматтары елден қуылды.

Сонымен қатар шетелдіктерді шақырушы тарапқа да қатысты шара қолданылуда. Шетелдіктердің деректері бойынша шарықушы тарап анықталып, олардың үстінен ҚР ӘҚБТК-тің 519-бабы (жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе шетелдіктер еңбегін пайдалануы) бойынша шара қолдану қарастырылуда.

Айта кетсек, ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 7 нормативтік қаулысына шілде айында ЕАЭО елдері (Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей) және Өзбекстан азаматтарының төлқұжаттарын тіркеу процедураларына қатысты өзгерістер енгізілген болатын. Қаулыға сәйкес, ЕАЭО елдерінің азаматтарын тіркеу Қазақстанға келген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Өзбекстан азаматтарын тіркеу мерзімі 5 күнтізбелік күнді құрайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ЕАЭО елдерінің азаматтарын тіркеу 35 күнтізбелік күн ішінде, Өзбекстан азаматтарын тіркеу 10 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылған. Сондай-ақ қазақстандық визалардың кез келген санаттағы иелері Қазақстан Республикасында төлқұжаттарды тіркеуден босатылған.

Дереккөз: ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх