Қылмыс және оқиғалар

Ақмолада ер кісі жом астында қалып, өлім құшты

05 қараша, 18:2252
Фото: Sputnik Казахстан Фото: Sputnik Казахстан

Қайғылы оқиға «Агример Астық» ЖШС элеваторларының бірінде орын алған. Жұмысшы қалдық астында қалып, сығымдау цехында көз жұмды, деп хабарлайды Елорда Инфо Sputnik Казахстан сайтына сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, қаза тапқан 1988 жылғы темір ұстасы түсіру ойығын рапс күнжарасынан тазалаған.

«Рапс жұмысшының үстіне төгіліп, оның денесін түгел жауып қалған. Әріптесін байқаған ұжымдастары оны шығарып алды, алайда темір ұстасы оқиға орнында қаза тапты», - деп мәлімдеді Ақмола облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы.  

Сонымен қатар, басқарма кәсіпорында қызметтік тергеу жүргізіледі деп хабарлады.

«ҚР ҚК 3 бөлімі 156 бабы бойынша (Еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы) сотқа дейінгі іс жүргізу басталды», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Жалпы Ақмола облысында жылдың басынан 44 қайғылы оқиға өндірісте орын алған, 47 адам зардап шегіп, 8 қызметкер қаза тапты.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх