Руханият

Академик З.Ахметовке арналған "Ғалымдар және хаттар" кітабы жарық көрді

08 мамыр, 12:29469

Елордадағы Ұлттық академия­лық кітапханада аса көрнекті әдебиеттанушы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Зәки Ахметовке арналған «Ғалымдар және хаттар» атты эпистолярлық жанрда жазылған кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо «Аstana-akshamy» газетіне сілтеме жасап.

Бұл жинаққа ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты мен Ұлттық академиялық кітапханасындағы академиктің жеке кітап қорында сақталған құжаттардан алынған дүниелер енді. Оның ішінде Зәки ағамыздың кеңес дәуірінде жалпақ ел мойындаған академиктер Сергей Малов, Виктор Жирмунский және отандық ғылымның дамуына үлес қосқан Әлкей Марғұлан, Сақтаған Бәйішев, Манаш Қозыбаев секілді ғалымдармен пікірлесіп, ой бөліскен хаттары мен зерттеу еңбектері бар. Бұл құжаттарды жай шолып өте алмайсыз. Онда ғибратты ғалымның әдебиеттану ғылымы үшін айтқан тың ойлары сізді де толғандырмай қоймайды.

Зәки Ахметовтың «Қазақ өлеңі­нің құрылысы» атты айтулы монографиясы Орта Азия көлеміндегі өлең теориясын зерттеген алғашқы еңбек саналады. Сондай-ақ ол тек қана өлеңтанушы емес, әдебиеттің маңызды мәселелерін жіті зерттеген, жан-жақты ғалым болды. Ол қазақ мектептеріне арнап бірқатар оқулық та жазды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх