Қоғам

«Air Asia» әуекомпаниясы Қазақстанға жаңа рейстер ашады

23 қазан, 10:5349
Автор: Elorda Aqparat
Фото Азаматтық авиация комитетінен Фото Азаматтық авиация комитетінен

Азияның «Air Asia» ірі төмен бюджетті әуе тасымалдаушысы Қазақстанға жаңа рейстер ашу бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Елорда Инфо Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа халықаралық бағыттарды ашу және жаңа шетелдік әуекомпанияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Бүгін Куала Лумпур қаласында (Малайзия) құрамында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалалары әуежайлары мен «Эйр Астана» әуекомпаниясы өкілдері бар қазақстандық делегация «Air Asia» компаниялар тобының иелерінің бірі және негізін қалаушы Датук Камарудин бин Меранун мырзамен және «Air Asia» әуекомпаниясының атқарушы директоры Беньямин Исмаил мырзамен келіссөздер жүргізді. «Air Asia» - Азиядағы ірі және әлемдегі 13-ші бюджеттік әуе компания», - делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Малайзия арасында Air Asia әуекомпаниясының тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін талқылады.

Фото Азаматтық авиация комитетіненФото Азаматтық авиация комитетінен

«Астана» халықаралық қаржы орталығын және елдің туристік әлеуетін дамыту мақсатында Малайзия тарапына әлемдік ірі қаржы орталықтарына Қазақстан арқылы 5-ші әуе еркіндігі бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды әуежайларында ұшуды орындау мүмкіндігі ұсынылды. «Ашық аспан» режимі Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларына таралады», - деп жазылған ақпаратта.

Сонымен қатар, отандық әуежайлардың өкілдері тұрақты рейстердің ашылуын ынталандыратын түрлі тетіктерді ұсынды. Өз кезегінде Датук Камарудин бин Меранун мырза Еуропаның Рим, Милан, Ницца қалаларына және Нью-Йорк қаласынан (АҚШ) 5-ші әуе еркіндігі бар Алматы қаласынан тікелей рейстерді ашуға қызығушылық білдірді.

Фото Азаматтық авиация комитетіненФото Азаматтық авиация комитетінен

Фото Азаматтық авиация комитетіненФото Азаматтық авиация комитетінен

Сондай-ақ, Малайзияның Көлік министрлігі Азаматтық авиация департаментінің басшысы - мемлекеттік хатшы Мохамад Радзуан Мазлан мырзамен кездесу өткізілді. Келіссөздер барысында малайзиялық әуекомпанияларымен, соның ішінде Air Asia әуе қатынасын кеңейту мәселелері талқыланды. Малайзияның авиациялық билігі тарапынан Қазақстанның екі ел арасында жаңа рейстерді ашу жөніндегі бастамасына толық қолдау білдірді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх