Экономика

АХҚО мен Арменияның Орталық банкі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

10 қазан, 14:4418
Автор: Elorda Aqparat

АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті мен Армения Республикасының Орталық банкі қаржылық қызметтерді реттеу саласындағы ынтымақтастықты жетілдіру мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті Армения Республикасының Орталық банкімен өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Қол қою рәсімі Ереван қаласында өтті.

Тараптар Меморандумға сәйкес, банктік және сақтандыру қызметін, бағалы қағаздар нарығын қадағалау және реттеуде, атап айтқанда, ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл көрсетуде, құқық қолдану тәжірибесінде, лицензиялау, қадағалау, қаржылық сауықтыру және т.б. салаларда ынтымақтасуға ниетін білдірді.

Меморандумға АФСА бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бөбеев пен АОБ төрағасының орынбасары Вахтанг Абрамян қол қойды. Тараптар тиісті құзіретіндегі трансшекаралық институттардың қызметін бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, қадағалау ақпаратымен алмасу арналарын құруға және АФСА мен АОБ арасындағы өзара әрекеттестікті қамтамасыз етуге келісті.

В.Абрамян Меморандумға қол қоюды құптап:

«Осы Меморандумға қол қою арқылы біз мекемелеріміз арасындағы қатынастарды дамыту жолында маңызды қадам жасадық. АОБ қаржылық бақылау мен реттеу саласында өзара ынтымақтастыққа үміттенеді, мұнда АФСА мен АОБ мол тәжірибесімен алмаса алады», - деді.

«Біз АФСА мен АОБ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жол беретін осы Меморандумға қол қоюға қуаныштымыз. Ол ортақ мүдделер саласындағы ақпарат алмасу мен банктік және сақтандыру қызметін, бағалы қағаздар нарығын екі елде де бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді деп сенеміз», - деді М.Бөбеев.

Меморандум өзара ықпалдасуды қамтамасыз ету және қадағалау ақпаратымен алмасу арналарын құру үшін қажетті жағдай туғызады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх