• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Есіл ауданындағы саябақ пен көшелерде сырлау жұмыстары жүріп жатыр

14 тамыз, 09:4534
Автор: Elorda Aqparat
Фото Есіл ауданы әкімдігі/Facebook Фото Есіл ауданы әкімдігі/Facebook

Есіл ауданында екі аптаның ішінде 6 мыңнан астам тірек сырланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Көшелер мен саябақтардың жарықтандыру тіректерін сырлау жұмыстары жүргізілуде. Бүгін М1 көпірі мен Тұран даңғылы бойындағы «Құрманғазы» саябағында жарықтандыру тіректерін сырлау жұмыстары жүргізілді. 1 тамыздан 13 тамызға дейінгі аралықта аудан әкімдігінің мердігер ұйымы 6 мыңнан астам тіректі сырлады», - деп жазылған Есіл аудандық әкімдігінің Facebook парақшасында.

Фото Есіл ауданы әкімдігі/FacebookФото Есіл ауданы әкімдігі/Facebook

Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, қала әкімі Алтай Көлгінов Есіл өзені бойындағы саябақты жаяу аралап шығып, оның жағдайының нашарлығын сынға алған болатын.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх