• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

Әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері белгілі болды

07 желтоқсан, 13:04338
Автор: Elorda Aqparat

Ақорда сайтында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының 2018 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

​Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы:

1) ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке – «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар  жинағы үшін;
2) авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға – «Абай» операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін;
3) авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке – «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін;
4) ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға – «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;
5) ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа – «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін берілсін.

Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх