• USD 385
  • EUR 434

Сайлау-2019

Ә.Қосанов: «Президент болсам, елдегі барлық партияларды Парламентке жіберемін!»

26 сәуiр, 17:30433
Автор: Elorda Aqparat
фото  интернеттен алынды фото интернеттен алынды

«Ұлт тағдыры» қозғалысы президент сайлауына үміткер ретінде танымал саясаткер Әміржан Қосановты ұсынды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Біз бүгін бірлестіктің жиынын өткіздік. «Ұлт тағдыры» қозғалысы сайлауға қатысады және белгілі саясаткер Әміржан Қосановты үміткер етіп ұсынады», - деп мәлімдеді қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Дос Көшім.

Ал Әміржан Қосанов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында сайлау додасына қатысуға дайын екенін хабарлады.

«Мен ресми түрде бұл бірлестікке мүше емеспін. Бірақ төраға қоғамдық бірлестік атынан мені ұсынатынын айтты. Бұл үлкен мәртебе. Сайлауға түсетін кез келген адам мемлекеттік мәселелерді жетік білуі тиіс», - деді Әміржан Қосанов.

Ол сайлауда жеңіске жеткен жағдайда қандай қадамдар жасайтыны туралы ойларымен бөлісті.

«Әуелі Конституциялық Кеңес құрамын. Демократия, әділеттілік, азаматтардың мүдделері қорғалуы тиіс. Егер сайлауға біз қатыспасақ, билік басқа адамдарды табады. Олар да билікті сынайды, бірақ біз сияқты емес. Егер біз үйде отырсақ, сөзіміз ешкімге естілмейді», - дейді ол.

Үміткердің пайымдауынша, Қазақстан президенттіктен парламенттік билікке көшуі керек.

«Егер мен президент болсам, елдегі барлық партияларды Парламентке жіберемін, жалпы партияларды тіркеу рәсімін жеңілдетемін. Сайлаудағы менің басты қарсыласым «ақ жолдық» әйел немесе коммунист емес, биліктің басты үміткері – Қасым-Жомарт Тоқаев болмақ. Егер ол мені өзіне қарсылас деп санамаса, өз пікірі. Біздің күшімізді салыстырған жөн. Биліктің қолында әкімшілік ресурстар бар, бірақ біз кері шегінбейміз. Өйткені, қазір қоғам өзгерді. Адамдарда әділ сайлауды сағынып қалғаны рас», - деп сөзін түйіндеді Ә.Қосанов. 

        Төлен Тілеубай



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх