• USD 385
  • EUR 434

Руханият

Абай өлеңдері Иранның Шираз қаласында да оқылды

09 қыркүйек, 20:2842
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: parstoday.com Дереккөз: parstoday.com

Хакім Абайдың 175 жылдығына орай өтіп жатқан ұлы ақынның өлеңдерін оқу эстафетасы Иранның Шираз қаласында жалғасын тапты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласынан Иранға туристік сапармен келген зейнеттегі қазақ тілі мен әдебиетінің ұстазы Нұрмақова Майра Шираз қаласына сапары барысында парсы поэзиясының әйгілі шайырлары Хафиз бен Сағдидің кесенелерін зиярат етіп, қазақтың ұлы ақыны Абайдың  "Сегіз аяқ" және "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңдерін жатқа оқып, эстафетаны жалғастырды.    

 

Айта кетсек, Майра Нұрмақова поэзия эстафетасын Қазақстандағы барлық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне жолдады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх