• USD 382.5
  • EUR 432

Билiк және саясат

А.Мамин Армения Президентімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды талқылады

20 мамыр, 12:0181
Автор: Elorda Aqparat
фото primeminister.kz сайтынан фото primeminister.kz сайтынан

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Елорда Инфо primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында экономика саласындағы Қазақстан-Армения қатынастарының өзекті мәселелері, өзара тиімді ынтымақтастықты, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылды кеңейту және тереңдету перспективалары талқыланды.

Тараптар атап өткендей, өзара іс-қимылға Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмысын күшейту айтарлықтай серпін береді. Елдердің нарықтарына жасалған талдау химия өнеркәсібі, машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара жеткізілімдерді ұлғайту мен сауда-саттықты әрі қарай кеңейту әлеуетін көрсетті.

Армения Президенті Армен Саркисян жасанды зердені, энергетиканы, логистиканы, авиацияны, ғарыш саласын, аргоөнеркәсіптік кешенді, қоршаған ортаны қорғау, білім беру және туризм саласын дамыту тұрғысынан цифрландыру салалары екіжақты қарым-қатынасты тереңдетуге қызығушылық тудыратынын айтты.

Өз кезегінде ҚР Үкіметінің басшысы А.Мамин экономикалық қарым-қатынастарды толыққанды форматта дамытуға, тауар айналымы көлемі мен инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға қызығушылығын білдірді. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх