• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

8 ай ішінде елордада вирустық менингит диагнозының 240 оқиғасы тіркелді

11 қыркүйек, 17:0140
Автор: Elorda Aqparat
Фото: Rebenok.by Фото: Rebenok.by

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мағрипа Ембергенова елордалық балалардың менингитке шалдығу жағдайына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Биылғы 8 ай ішінде елорда бойынша вирустық менингит диагнозының 240 оқиғасы, бактериялық менингиттің 7 оқиғасы тіркелді. Ал энтеровирустық инфекциясы жыл сайын тіркелетін маусымдық сипатқа ие ауру болғандықтан, қала тұрғындарының көбеюіне байланысты сырқаттанған науқастар көрсеткіші тұрақты деуге болады. Маусымдық мерзім қараша айына дейін жалғасуы мүмкін. Осыған орай қала бойынша ешқандай мекемеде шектеу шаралары енгізілмейді», – деді басқарма басшысының орынбасары.

Естеріңізге салсақ, елордадағы балабақшаға баратын екі бүлдіршіннен менингит инфекциясы анықталған еді. Бұл тұрғыда Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов астаналықтарға үндеу жариялаған еді. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх