• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

«7-20-25» бағдарламасының қуатын ауылдық жерлерге де қолдану ұсынылды

24 мамыр, 12:43381
фото  интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Қазіргі кезде ауылдағы жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі өткір сипат алып отыр. Бұл мәселені шешу үшін, «7-20-25» бағдарламасын ауылдық елде-мекендерде де қолдану керек. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Берік Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

 «Ет және сүт өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және экспорттауды дамытудың келешегі» атты парламенттік тыңдауда Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Берік Оспанов «7-20-25» бағдарламасы арқылы аталған әлеуметтік мәселені шешуге болатынын айтты.

«Ауылдық аумақтарды дамыту және ауыл тұрғындарының әлеуметтік ахуалын жақсарту үшін Елбасының тапсырмасы бойынша «Ауыл – ел бесігі» атты арнайы жоба әзірленді. Өкініштісі, қазіргі кезде бұл жоба толықтай жұмыс істеп тұрған жоқ. Жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі өткір сипат алып отры. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы да бұл мәселені түбегейлі шеше алмайды. Сондықтан Елбасының «7-20-25» бағадарламасын ауылдық жерлерге де қолдану керек деп есептеймін» деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх