• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

52 аумақтық полиция органдары басшылары жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

05 қыркүйек, 12:1040
Фото 24.kz сайтынан Фото 24.kz сайтынан

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ішкі істер органдарының «Ашықтық. Айқындық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» атты дөңгелек үстелі өтіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«ІІМ-нің жемқорлықпен ұсталған басшыларына қатысты жауапкершілік қатаңдатылды. Жыл басынан 52 территориялық органдардың басшылары сыбайлас жемқорлық бойынша жауапқа тартылды. Жалпы биыл ішкі істер органдарында жемқорлық көрсеткішінің азайғанын байқаймыз. Атап айтқанда, осы жылдың 7 айында 2018 жылмен салыстырғанда 25 пайызға азайған. Ал 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 7 пайызға азайып отыр», - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов ОКҚ-де өткен дөңгелек үстелде.

Сонымен қатар, департамент басшысы ішкі істер органдарының жұмысын оңтайландыруға қатысты пікір білдірді.

«Біздің саланың жұмысын жетілдіруде алда көптеген міндеттер мен тапсырмалар тұр. Оның ішінде полиция қызметкерлерінің имидждік статусы, сондай-ақ, орган қызметкерлерінің мансабын пайдалану секілді сұрақтар бар. Одан бөлек, БАҚ-та полиция өкілдеріне қатысты біраз ақпараттар таралып жатады. Осы орайда айтарым, біз өз міндетін орындамаған және бұзған тәртіп сақшысын қызметіне қарамастан қатаң түрде жауапкершілікке тартамыз. Тағы бір айтып өтер жайт, құқықбұзушылыққа қатысты шараларды басты назарда ұстайтын боламыз», - деді ол.

Айта кетсек, 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Ішкі істер министрлігінің жұмысын реформалау керектігін айтты. Және бұл бағытқа 173 млрд теңге қаражат бөлінетіндігін тілге тиек еткен болатын.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх