• USD 385
  • EUR 434

Елордада жасалған

5 жылда мемлекетке 40 миллион теңге салық төледім – жас кәсіпкер

27 маусым, 14:28541

Елордалық жас кәсіпкер, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Ару-Тас» зауытының директоры Бекжан Әлімқұлов зауыт ашқан кезінде 25 жаста болған, деп хабарлайды Елорда Инфо.

6-сыныптан бастап еңбекке араласқан Бекжан Әлімқұлов 25 жасында зауыт ашқан. Бүгінде 14 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер зауыттың төсеніш тастар, дуал қалауға арналған түрлі пішіндегі блоктар, кірпіштер, іргетастың қаптамалары сияқты жылына 100 миллионнан аса 16 түрлі өнім шығаратынын айтады.

Сурет интернеттен алындыСурет интернеттен алынды

«Өнімдеріміз тек астананың аумағына тасымалданады. Елордада 150 мыңнан аса шаршы метр орында біздің зауыттан шыққан тас төселіп тұр. Сіздің де біздің тастарды таптап жүргеніңізге сенімдімін», – дейді 30 жастағы кәсіпкер.

 

Сурет интернеттен алындыСурет интернеттен алынды


Айта кетсек, Бекжан Әлімқұлов селфи жасауға арналған таяқшаны Қазақстанға ең алғаш болып алып келген екен. Соңғы 5 жыл ішінде елордалық жас кәсіпкер мемлекетке 40 млн теңге салық төлепті.

«5 жылдың ішінде мемлекетке 40 миллион теңгеден аса салық төлеппін. Бұл үшін қуаныштымын, әрине. Өзімнің мемлекетке қандай да бір пайдамның тиіп жатқанын сезіну – бір ғанибет екен», – дейді ол.

Болашақта магистральді жолдар мен көпірлерді салуды қолға алуды жоспарлап отырғанын айтқан Бекжан Әлімқұлов ел жастарын бизнеспен айналысуға, бірақ алып-сатуға құмар болмауға, неғұрлым өндіруші болуға шақырды. Өндірістің ел экономикасының драйвері болатынын айтқан ол жастарға вайнерлердің бейнежазбасына әуес болмай, Зейнеп Ахметова, Омар Жәлелұлы сияқты тұлғалардың кітабын оқуға кеңес берді. Өндіріс орны басшысымен болған сұхбатты толығырақ осы жерден оқи аласыздар.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх