• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

3 жасар қызын ұрып-соққан астаналық әйелге қатысты соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр

12 қыркүйек, 13:46184
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласында өзінің 3 жасар қызын ұрып-соғып, арты өлімге әкелген әйелге қатысты соталды тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

«Елордада үстіміздегі жылдың 8 маусымында түрлі деңгейде жарақат алған 3 жасар қыз ауруханаға түсті. Өкінішке қарай, ол алған жарақатынан көз жұмды. Кейін анықталғандай, кішкентай қыз жайсыз (нашар) отбасында дүниеге келген. Атап айтқанда, анасының Полиция департаментінде есепте тұрғаны, ал өгей әкесінің бұрын сотты болғаны дәлелденді. Қазіргі уақытта ол әйелге қатысты соталды тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх