• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

«Абай» сериялын кім түсіреді. Отандық компаниялардың тарихи фильм түсіру тәжірибесі аз

11 қыркүйек, 11:5533
Фото Elorda aqparat Фото Elorda aqparat

«Абай» сериялына конкурс жарияланды. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Танысбай Astana Media Week отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Екі ай бұрын біз «Абай» сериалына байқау жарияладық. Бұл туындыға байқау жариялағанымызбен аздап жүрексініп отырмыз. Себебі, Абай бейнесін объективті бағалау әрі сериалды түсіру қаншалықты ауыр екенін білеміз», - деді Ләззат Танысбай.

Оның айтуынша, нарықта бір ғана компания тарихи сериалдарды түсіруде тәжірибесі бар.

«Біз бүкіл жерде конкурс жариялағанымызға қарамастан, басқаларына да атсалысу туралы өтіндік. Бірақ бар-жоғы 6 компания ғана келуге бел буып отыр. Осы 6 компанияның тек біреуі ғана тарихи сериалдарды түсіруде тәжірибесі бар», - деп атап өтті ол.

Ләззат Танысбай өз сөзінде бұл бастама телеарналар үшін де, жеткізушілер үшін де үлкен әрі ауыр жұмыс деп санайды.

«Бұл нарықта жұмыс істейтін және сериал түсіретіндердің үлкен мақсаты деп ойлаймын. Өзімізге осындай міндет қойып, тәжірибе жинауымыз. Осыған бел буып, алға қадам басуымыз керек», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх