Билiк және саясат

«2020 жылы Еуразия үшін Топ-10 қауіп-қатер» рейтингіне 70-ке жуық елден респонденттер қатысты

07 қараша, 15:2240
Фото ОКҚ баспасөз қызметінен Фото ОКҚ баспасөз қызметінен

«2020 жылы Еуразия үшін Топ-10 қауіп-қатер» рейтингі жұмысына әлемдік 40 сарапшы қатысты. Бұл туралы Әлемдік экономика және саяси институт директоры Ержан Салтыбаев ОКҚ баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Спикерлер Әлемдік экономика және саяси институтының ең ірі халықаралық зерттеуін таныстырды. Ол «2020 жылы Еуразия үшін Топ-10 қауіп-қатер» рейтингі деп аталады.

«Осы жылы біз «2020 жылы Еуразия үшін Топ-10 қауіп-қатер» рейтингісінің екінші басылымын шығарамыз. Егер оның бұрынғыдан қалай ерекшеленетіні туралы айтатын болсақ, континенттің негізгі проблемалары бірдей форматта қалатыны анық - бұл экономика, саясат, қауіпсіздік және климат. Біз деңгейді емтихан арқылы арттыруға тырысамыз. Осы жылы рейтингке 40-қа жуық сарапшылар қатысты, олардың ішінде сараптамалық орталықтардың басшылары, кейбір саясаткерлер және дипломаттар бар. Рейтинг өткен жылмен салыстырғанда мазмұнды әрі сапалы шықты. Өткен жылы 20-ға жуық сарапшы қатысты. Биыл біз респонденттердің санын көбейттік. Өткен жылы - бұл 1000-ға жуық болса, биыл әлемнің 70-ке жуық елінен 1100-ден астам кәсіби респонденттер қатысты», - деді Ержан Салтыбаев.

Оның айтуынша, рейтинг 90 беттен тұрады және онда 10 қауіп көрсетілген. Әр қауіп әртүрлі сарапшылардың көзқарастарымен олардың баға ұсыныстарымен сипатталады.

«Біз жыл бойына Еуразияға белгілі бір қауіп-қатер картасын береміз. Біз алдын ала болжауға тырыспаймыз, бірақ проблемалар туындауы мүмкін негізгі сілтемелерді келтіре аламыз. Бірінші кезекте бұл қауіпсіздік мәселелері», -  деп сөзін түйіндеді институт директоры.

Әсел Ибадулла




Наверх