Экономика

2019 жылдың 1 қазанына елорданың мемлекеттік бюджеті 100,7% орындалды

09 қазан, 08:3541
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

2019 жылдың 1 қазандағы көрсеткіші бойынша астананың бюджеті 847,8 млрд. теңге мөлшерінде қамтамасыз етілді. Бұл туралы Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне қарағанда жоспар 100,7%-ға орындалған. Оның ішінде республикалық бюджетке 650,2 млрд.теңге құйылды, бұл жоспардың 101,2 % тең.

«Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 110,7%-ды құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша 112,3%-ды құрады», деп көрсетілген хабарламада.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх