• USD 380.4
  • EUR 425

Әкімдік

Жұмыспен қамту-2020

10 сәуiр, 18:18341

Есiл ауданы әкiмдiгiнде жастардың жайы талқыланған дөңгелек үстел мәжiлiсi өттi. Елбасының «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын насихаттау мақсатындағы жиында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы барысында атқарылған шаруалар ортаға салынды. Жиында «Нұр Отан» ХДП-ның, «Жас Отан» ЖҚ-ның белсендi топтары, Астана қаласы бойынша жастарды жұмыспен қамту және кәсiптiк бағдар орталығы, Назарбаев университетi, Қазақстан-Ресей университетi, №6 кәсiптiк-лицейдiң жастар iсi жөнiндегi қызметкерлерi, Халықаралық бағдарламалар орталығы, Астана қаласының мүгедек-балалар қоғамы және басқа да қоғамдық бiрлестiк өкiлдерi қатысты. Кездесуде Астана қаласы бойынша жастарды жұмыспен қамту және кәсiптiк бағдар орталығының директоры Мүслiм Қалиев сөз сөйлеп, елордадағы жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс жүйесi, мемлекет есебiнен жастарды қайта оқыту, жұмысқа орналастыру туралы қысқаша баяндама жасады. Астана қаласындағы Мүгедек-балалар қоғамының жобалар бойынша үйлестiрушiсi Данат Мұхамедқалиев жастар саясатын қолдайтын бағдарламалар, болашақта iске қосылатын кей мекемелердiң жобасы жөнiнде тоқталып өттi. Сондай-ақ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкiлдерi «Болашақ» бағдарламасының түлектерiн елге тар-тудың, жалпы жастарды жұмыспен қамтудың бiрнеше жеңiл тәсiлдерiн ор-таға салды. Осылайша, жастар жайы талқыланған отырыс барысында жұмыс-сыздықтың алдын алуға байланысты маңызды ұсыныстар да айтылды. Серiкгүл СҰЛТАНҚАЖЫ




Наверх