Руханият

«100 жаңа есім» жобасына қатысуға өтінім жіберген қостанайлықтардың басым бөлігі – спортшылар

23 қазан, 01:3771
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: alau.kz Дереккөз: alau.kz

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысу үшін өтінім жіберуде қостанайлықтар белсенділік танытуда. Бір айдың ішінде 52 өтінім түскен, деп хабарлайды Елорда Инфо alau.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өтінім өткізгендердің басым көпшілігі жергілікті спортшылар болып шыққан. Ал бизнес пен мәдениет саласының өкілдері, керісінше, жобаға қатысуға аса құлық танытпай жатқан көрінеді. 

«Келіп түскен 52 өтінімнің тура жартысы, яғни 26-сы спортшылар мен облыстағы спорт саласы мамандарына тиесілі. Жалпы, өтінім 6 бағыт бойынша қабылданады. Ол – ғылым, қоғам, мәдениет, спорт, медицина мен бизнес бағыттары», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының Қостанай облыстық хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина.

Оның сөзінше, кейбір сала бойынша өтінімдер саны тым аз. Мәселен, жергілікті кәсіпкерлердің тек біреуі ғана өтінім тапсырса, мәдениет саласы мамандарының тарапынан өткізілген өтінім саны – үшеу ғана екен.

Мамандардың айтуынша, аталған жобаға қатысу үшін өтінімдер тек 1 қарашаға дейін қаылданады.

Айта кету керек, жобаға қатысуға іріктеуден өту үшін сайттағы сауалнаманы толтыру қажет. Ал оның шарты қарапайым. Яғни жасыңыз 39 жастан аспауы тиіс. Сонымен қатар Қазақстан азаматы болуыңыз керек және белгілі бір салада жеткен жетістіктеріңіздің болуы ләзім.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх