• USD 377.9
  • EUR 429

№1 қалалық аурухана астаналықтарды гипербариялық оксигенация рәсіміне шақырады

04 ақпан, 16:31170
Автор: Elorda Aqparat

Қалалық №1 аурухананың мамандары астаналықтарды барокамераның көмегімен емдеуге шақырады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

 

Людмила Лепеш№1 аурухананың жоғары санатты дәрігері

Елорда Инфо тілшісінің сұрақтарына №1 аурухананың жоғары санатты дәрігері Людмила Лепеш гипербариялық оксигенация рәсімі туралы айтты.

Елорда Инфо тілшісі: Гипербариялық оксигенация дегеніміз не?

Людмила Лепеш: Гипербариялық оксигенация (ГБО) дерт тараған органдардағы оттектің жетіспеуін жояды, оның функцияларын қалпына келтіреді және ауруға шалдықтырған факторларға қарсы тұрады. Бір емшараның ұзақтығы шамамен 40-60 минут.

ГБО сеансын өткізу үшін бітеулік жағдайда оттектің жоғары қысымын тудыратын арнайы барокамералар қолданылады. Заманауи барокамералар емдік сеанс кезінде қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді. Әдетте, науқастар ГБО сеансын жақсы қабылдап жатады. Қолданылған әдіс және тұрақты бақылау жағымсыз әсерлердің болмауына кепілдік береді. Емделуші барокамерада емдік оттекті жұта отырып еркін қалыпта (жату) болады. Сеанс барысында ол тіптен ұйықтап алады. ГБО емдік дәрі-дәрмектерді тағайындаусыз қолданылуы мүмкін. Әдетте емдік әсерге қол жеткізу үшін 5-10 емшара өткізу жеткілікті болып табылады.

Барокамерадағы сеанстар шаршағандықты жояды, қызу жұмыстан кейін жұмсалған күшті қалпына келтіреді, күйзелуге қарсы қасиеті бар, бұлшықет тонусын арттырады, жалпы қатайту және сергіткіш әсерді қамтиды, ластанған атмосфераның жағымсыз әсерін азайтады. ГБО курсынан өткен аурухана емделушілері жұмыс қабілеттілігінің артқанын және психоэмоциялық жағдайдың тұрақтанғанын атап көрсетуде.

Елорда Инфо тілшісі: ГБО қолдану қандай аурулар кезінде тиімді?

Людмила Лепеш: Аталмыш әдіс неврологияда бас сүйек миының жарақаты бар және оның қалдық көріністері бар, нейроциркуляциялық дистониямен ауыратын, инсульт салдары бар және т.б. науқастарды емдеуде табысты нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

Ал терапияда созылмалы гепатитпен, аш ішек және асқазанның ойық жаралы ауруымен ауыратын, күретамыр гипертониясымен, қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеуде біршама оң нәтижелерге қол жеткізілді, яғни қант диабеті кезінде ГБО диабеттік ангиопатияның алдын алу үшін қолданылады.

Хирургияда жабыспа ауруы, шиқан шығып ауыру, сынықтар кезінде аса тиімді болып табылады. Сондай-ақ ГБО терапиясын хирургиялық отаға дайындау кезінде және отадан кейінгі кезеңде қолдануды ұсынамыз, яғни емделушінің наркоздан жылдам және ауырсынбай тұрып кетуі үшін, сонымен қатар жарасының жазылу мерзімін және асқынулардың туындау қауіпін азайтады.

Спорттық медицинада спортшылардың жаттығу деңгейін арттыруда және жаттығудан кейін күшін қалпына келтіруді жеделдетуде табысты жетістіктерге қол жеткізілді.

Онкологияда ерекше топты онкологиялық аурулар кезінде химиялық және сәулелі терапияны қабылдаушы науқастар құрайды.

Сондай-ақ бас жазу синдромдарын жою үшін де қолданылады.

ГБО – созылмалы шаршағандық синдромы кезінде, сондай-ақ жасалған пластикалық оталардан кейін алдын алу құралы ретінде қолданылуы мүмкін.

Елорда Инфо тілшісі: ГБО әдісімен емдеуге қатысты қарсы көрсетілімдер бар ма?

Людмила Лепеш: Аталмыш емшараны жасауға болмайтын аурулар шеңбері кішігірім ғана болып келеді. Оларға: қояншық; ақиқатты клаустрофобия (жабық бөлмеден қорқу); жіті пневмония (өкпенің қабынуы); күре тамырлы қысымның аса жоғары болуы; жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті қабынба аурулары жатады.

Елорда Инфо тілшісі: Дәрігердің жолдауынсыз жеке барокамерада ем алуға бола ма?

Людмила Лепеш: Иә, әрине. Сізді біздің аурухана дәрігерлері қабылдап қажетті кеңесті береді, қажет болған жағдайда диагнозды нақтылау үшін зерттеу тағайындайды және емдейді.

Жұмыс тәртібі – сенбі-жексенбі күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 8.00-ден – 15.00-ге дейін, байланыс телефоны – 50-69-42.


Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар 





БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх