• USD 380.4
  • EUR 425

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басты артықшылықтары

24 сәуiр, 14:17122
Автор: Elorda Aqparat
Фото Elorda aqparat мұрағатынан Фото Elorda aqparat мұрағатынан

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 наурызы аралығындағы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 19,7 млрд теңгені құрады. Бұл республика бойынша түскен 157,8 млрд теңге көлеміндегі сақтандыру жарнасы мен аударымдарының 12,5%-ын құрайды. Жалпы, аймақтық тұрғыдан алғанда, Нұр-Сұлтан медициналық сақтандыру жарналары аударымдары бойынша Алматы қаласынан (21%) кейін екінші орында, ал үшінші орында – Қарағанды облысы (8,2%). Еліміздің денсаулық сақтау саласына енген жаңа медициналық жүйенің жұмысы туралы тұрғындарды тағы бір хабардар ету мақсатында № 4 қалалық емхананың бас дәрігері Серік Шәймерденовпен тілдескен болатынбыз.

Серік Шәймерденов№ 4 қалалық емхананың бас дәрігері

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз не?

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) денсаулық сақтау мүддесін қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны.  

Бүгінде бүкіл әлемде үш ірі денсаулық сақтауды қаржыландыру моделі қолданылуда, атап айтсақ: бюджеттік, сақтандыру және аралас. Қазақстандағы медициналық сақтандыру қызметі денсаулық сақтаудың қаржылық тұрақтылығын, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділік жоғары деңгейін және денсаулық сақтау пакетімен қамтамасыз етеді.

- Ауруханалар мен емханалардың жұмысы қалай жүргізіледі, пациенттерге таңдау еркі беріледі ме?

- МӘМС әлеуметтік әділдік принципіне қарамастан табыстың шегерімдерге мөлшерін сапалы денсаулық сақтау үшін барлық сақтандырылған тұлғалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Әр адам медициналық ұйымды өзі таңдай алады. Яғни, тексерілетін, ем қабылдайтын, жеке немесе мемлекеттік емханалар. Ауруханалар мен емханалар арасында бәсекелестік басталып, сол арқылы медициналық қызметтердің сапасы жақсарып, дәрігерлердің біліктілігі артып, тәжірибелері де молая түседі. Денсаулық сақтау саласы: қаржыландыру, сақтандыру жарналары есебінен өседі және медициналық көмектің өсіп келе жатқан қажеттілігі үшін мүмкіндік береді.

Медициналық сақтандыру қоры жоғары стандартқа сай медициналық қызметтерді жасаушылардың қатаң таңдауын өткізеді. Медициналық қызметтердің сапасын бақылау және мониторингілеу күн сайын жүзеге асып отырады. МӘМС енгізумен біртіндеп жалпы тәжірибедегі дәрігерлердің саны ұлғаяды, ол бір дәрігердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді және тиісінше кезекке тұрудан арылып, науқасты қабылдау және оны емдеу сапасын жақсартады. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтылуда кеңейту күтілуде. Сондай-ақ, дәрілер тізімі жиі кездесетін аурулардың дәрілерімен ұлғайтылатын болады. Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсетудің жаңа жолдарын енгізу арқылы кезек күту қысқартылып, медициналық қызметтердің саны біртіндеп кеңейтіледі.

- Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтарын атап өтсеңіз?

- Аз қаражатпен МӘМС шеңберінде қызметтердің толық пакетін алу. Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы сіз қабылдаудан бастап дәрігердің толық тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде кез келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе аласыз. Сақтандырылған азамат жеке электрондық денсаулық сақтау жүйесіндегі жеке кабинеті арқылы көрсетілетін медициналық қызметтердің, денсаулық жағдайын, ақылы жарналары туралы барлық ақпаратты көре алады.

- Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс жасайтын болады?

- Жарналар жасалған болса, азамат автоматты түрде сақтандырылған болады. Осылайша, сақтандыру жарналарының ең төменгі мөлшерімен ол қымбат және қызметтердің барлық пакетіне қол жеткізе алады. Қор белгілі бір талаптарға сай медициналық қызметтер жеткізушілермен келісімшарттар жасасады және медициналық көмектің сапасын қатаң бақылайды.

Қатысушылардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлеген барлық қаражаттары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жинақталатын болады. Қоры қол қойылған келісім-шарттың талаптарына сәйкес медициналық қызметтер жеткізушілерге төлемдер жасайды. Медициналық сақтандыру жүйесінің мөлшері жеке табыстарына және қорға жинақтаған қаражат көлеміне қарамастан, тең қызметке қол жеткізе алады. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек, күндізгі күтім, профилактика, диагностика, аурулар мен жағдайларды емдеу, жүктілік кезеңін бақылау, медициналық манипуляция тегін көрсетіледі.

Мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек, оның ішінде профилактика, диагностика, арнайы техниканы және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін аурулар емдеуге кіреді. Жоспарланған медициналық көмек науқастың өміріне қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайлары үшін ауруханада қарастырылған. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – амбулаторлық медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады. Мейіргер күтімі – ауру нәтижесінде тұрақты үй көмегіне мұқтаж болған немесе өздері қамқорлық жасай алмайтын тұлғаларға көрсетіледі.

- Мемлекет тегін медициналық көмектің қандай түрлеріне кепілдік береді?

- Жедел жәрдем және санитариялық авиациясы, әлеуметтік маңызы бар ауруларға медициналық көмек (онкологиялық аурулар, туберкулез, диабет және т.б.) және төтенше жағдайлар мен профилактикалық егулер тегін көрсетіледі. Сол сияқты амбулаториялық – емханалық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, дәрілердің бекітілген тізбесіне сәйкес, рецепт негізінде тегін жүзеге асырылатын болады. Және стационарлық дәрімен қамту бекітілген дәрі формулярына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекет мына жағдайларда сіз үшін төлейтін болады, егер сіз осы санаттардың біріне кірсеңіз, онда сіз автоматты түрде медициналық сақтандыру мүшесі боласыз:

Балалар;

«Алтын алқа»,  «Күміс алқа» табыс етілген немесе «Ардақты ана» атағын алған, сонымен қатар, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері;

Мүгедектер;

Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;

Интернаттық мекемелерде оқитын және тәрбие алушы адамдар;

Орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім және резидентура түріндегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдар;

Бала туу бойынша және бала асырап алу, жаңа туған баланы үш жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыстағы адамдар;

Жұмыс жасамайтын жүкті әйелдер, сондай-ақ баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыссыздар (үш жасқа дейінгі);

Зейнеткерлер;

Соттың үкімі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп отырған адамдар, уақытша ұстау изоляторларында уақытша ұсталатын адамдар.

Арнайы мемлекеттік органдардың, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарналар төлеуден босатылады, бірақ олар жеке желі мекемелерінде медициналық көмек алуды жалғастырады.

«ҚР Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды және жарналарын төлеу ҚР Ұлттық банкінің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы бюджеттік және басқа да ресурстардың ағымдары бойынша жалғыз қаржы оператор болып табылатын коммерциялық емес «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы жүзеге асырылатын болады.

Осылайша, заңға сәйкес есептеу және төлемдер мен жарналар төлеу ай сайын жүргізіледі. Сақтандыру алымдары мен төлемдері табыс қорының мынадай түрлері үшін алынбайды. Іссапарлар және жұмыстың жол жүру сипатына арналған өтемақы. Қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасы, оқу, гранттар және бюджеттен өтеу үшін төленген қызметкерлердің қаражаттары;

Оңалтуға арналған демалысқа төлем, денсаулық сақтау қызметтеріне ақы төлеуге төлемдер, 8 ең төменгі жалақы мөлшері шеңберіндегі баланың тууына байланысты және жерлеуге байланысты төлемдер, стипендиялар, сыйлықақылар.

- МӘМС төлемесе не болады?

- Сіз МӘМС мүшесі бола алмайсыз және медициналық сақтандыру жүйесі бойынша денсаулық сақтауға қол жеткізу құқығы жоқ болады. Алайда, сіз мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемін пайдалана аласыз. Оның ішіне кіретіндер:

- Жедел жәрдем және санитариялық авиация;

- Әлеуметтік маңызы бар аурулар және төтенше жағдайда медициналық көмек алу;

- Профилактикалық вакцинация;

- Амбулаториялық-емханалық көмек.

Басқа барлық медициналық қызметтер ақылы негізде көрсетілетін болады.        



 Подпишись в Telegram Еlorda Aqparat 





БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх