Медициналық сақтандыру қоры елордалық медицина ұйымдарына 48 млрд теңге төледі

14 маусым, 09:34521
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

«2019 жылдың 13 маусымдағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт жасаған қаладағы медициналық қызмет көрсетуші ұйымдарға 48 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 52,9 пайызын құрайды», - дейді ӘМСҚ Нұр -Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге ұсыныс берген медицина ұйымдарымен жасалған келісімшарт 90,7 млрд теңгені құрайды.

Айта кетейік, биылғы жылы мемлекеттік тапсырыс аясында елордалықтарға 93 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Олардың ішінде 58 жекеменшік клиника да бар. 2018 жылмен салыстырғанда, биыл жекеменшік клиникалар саны 9-ға артып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері бойынша үкімет белгілеген шеңберде тұрғындар үшін қызметтерді сатып алушы қаржы операторы болып табылады. Яғни, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы – Қор бақылауында.

 

 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх