• USD 385
  • EUR 434

Астана әкімдігіне whatsapp нөмірімен өтініш жолдауға болады

04 наурыз, 11:52613
Автор: Elorda Aqparat

Астана қаласының әкімдігі енді whatsapp нөмірі бойынша өтініш қабылдайды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астана қаласы әкімдігінің ikomek109 бірыңғай байланыс орталығы бұдан былай +77471090109 WhatsApp нөмірі бойынша қала тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша тұрғындардан өтініш қабылдайды. Өтініштерді төмендегі мәселелер бойынша хабарлайды:

- ТКШ (су/жылу/эл. энергиясы);
- Қоғамдық көлік;
- Отынмен қамтамасыз ету мәселелері;
- Абаттандыру;
- ПИК жұмысы;
- Лифт шаруашылықтарының жұмысы;
- ҚТҚ;
- Тыныштықтың бұзылуы;
- Ашық құдықтар;
- Су басу;
- Қаңғыбас жануарлар;
- Жолдарды жөндеу;
- БТО бойынша кеңестер;
- Денсаулық сақтау бойынша мәселелер;
- Білім бойынша мәселелер;
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау;
- Сауда және кәсіпкерлік;
- Қала іс-шаралары;
- Әкімдіктің шаралары мен бағдарламалары;
- Тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да мәселелері.

Сондай-ақ өтініштерді бір мәтіндік хабарлама түрінде келесі шаблон бойынша жіберу керек:

1. Өтініш берушінің деректері;
2. Байланыс (кері байланыс үшін);
3. Өтініштің мәні;
4. Уақыты мен күні;
5. Өтінішке (ашық құдықтардың, жиналмаған қардың, рұқсатсыз қоқыс үйіндісінің оналасқан жері және т.б. ескерту) қатысты нақты мекенжай;
6. Болған жағдайда фотоматериалды қоса тіркеу;
7. Қоғамдық көлік мәселелері бойынша хабарлама жібергенде күнін, уақытын, автобустың бағытын, бағыттың нөмірін, мемлекеттік нөмірін немесе гараждық нөмірін және өтініштің мәнін көрсету қажет.

Айта кетейік, шаблон бойынша жасалмаған өтініштер, кіріс қоңыраулар, сонымен қатар дауыстық хабарламалар тіркелмейді. Барлық мәтіндік хабарламалар тәулік бойы қабылданады.




Наверх