• USD 385
  • EUR 434

ElordaLite

Қазақстандық 14 жасар бала кумирімен кездесу үшін алаңға шығып кетті  

22 шiлде, 16:49399
Фото интернеттен алынған Фото интернеттен алынған

Желіде қазақстандық жас жанкүйердің алаңға шығып, өзінің сүйікті футболшысы Криштиану Роналдумен суретке түскен сәтінен суреттер мен бейнелер көптеп пайда болды. Бұл сәт көптеген әлемдік БАҚ объективтеріне де іліккен. 

Ақтаулық 14 жасар бала Сингапурдағы "Ювентус" - "Тоттенхэм" матчында футбол алаңына шығып, аты аңызға айналған Криштиану Роналдумен суретке түсті. 21 шілдеде өткен ойынға жас қазақстандық әкесімен барған, бұл мачтың билетін әке баласына туған күніне сыйға тартқан.

Интернеттен алынғанИнтернеттен алынған

14 жасар Ахмади Ержанов португал футболшысы Криштиану Роналдудың жанкүйері. Оның әкесі алдымен ұлына "Ювентус" футбол лагеріне жолдама бермекші болған, бірақ ол ойы жүзеге аспаған. Содан кейін ол "Ювентус" - "Тоттенхэм" матчына билеттер сатып алған.

интернеттен алынғанинтернеттен алынған

Әкесінің айтуынша, баласының қуанышында шек болмаған, ол тіпті ойын кезінде тыным таппаған.

 

"Ол ойын біткенше отырмады, тек Роналдудың ойынын тамашалаумен болды. Ол бізден 20 метр қашықтықта болды. Бұл бір әсерлі кез еді. Сол кезде мен ұлыма алаңға жүгіріп шығып кумирімен сөйлесуін ұсындым. Бірақ ол қаймықты, себебі көп күзет болды. Сонда мен оған бұл оның жалғыз мүмкіндігі екенін, кейін өкінетінін айттым. Ол сол сәтте алаңға жүгіріп шықты, оның сол кездегі қуанышын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес", - дейді баланың әкесі Болатбек Әбілхаиров.

Қазақстандық баланың қосалқы орындықта отырған Роналдуға келген сәтін барлық шетелдік телеарналар көрсетті.

Алайда, бұл жағдай аздаған қиындықтар туғызды. Роналдумен кездесуден кейін баланы жергілікті полиция алып кетті. Әкесімен келіссөз жүргізгеннен кейін оны босатқан.

"Біз әлі де Сингапурдамыз, бізді тағы да сингапурлық полиция шақырады, - дейді баланың әкесі. Қазір біз сонда барамыз. Біздің консулдықтан адамдар келеді, аудармамен және осы жағдайды шешуге көмектеседі. Мүмкін, бізге айыппұл салғызатын шығар. Бірақ біз еш өкінбейміз. Қандай айыппұл болса да, мен өз ұлымның арманын орындадым", - дейді әкесі.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх