ШЫҰ елдерінің технопаркінің ерекшеліктері мен ұқсастықтары қандай

26 қазан, 14:54121
Автор: Elorda Aqparat
фото viafuture.ru сайтынан алынды фото viafuture.ru сайтынан алынды

Қазақстанда IT саласында жұмысын енді бастаған стартап компанияларға «аяққа тұруға» көмектесетін Astana Hub технопаркі көпшілікке жақсы таныс. Мұндай жобалар көрші елдер – Ресей, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан мен Әзірбайжанда қалай жұмыс істеп жатыр? Бұл экожүйелердің  кооперациялануы мүмкін бе?  Силикон алқабының агенттері үшін біздің нарық қызығушылық туғызады ма? Бұл сауалдарға Digital Bridge технологиялық форумында сарапшылар жауап берді.

Тақырыпты Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымдары елдерінің технопарктерінің өкілдері форум сессияларының бірінде талқылады.

«ШЫҰ кеңістігі халқының саны үш миллиардтан асатын, бай табиғи ресурстарға ие, кәсіби біліктілігі жоғары адам капиталы, сонымен қатар озық өндірісі бар сыйымды тұтынушылар нарығымен сипатталады. ШЫҰ елдерінің ұлттық экономикасының жиынтық көлемі әлемдік ЖІӨ - нің 20 проценттен астам бөлін құрайды, ХВҚ сарапшыларының болжамына қарағанда 2025 жылға қарай оның үлесі 38-40 процентке дейін артады. Бұл цифрлық жобаларды іске асыруға болатын үлкен нарық», деді Джозеф Циглер.

Astana Hub атқарушы директоры Джозеф Циглер шетелдік қонақтарға қазақстандық технопарктің тартымды ерекшеліктері туралы баяндап берді. Оның мәліметіне қарағанда, Astana Hub ашылғалы бері 183 стартап инкубациядан өтіп, 78- і акселерациялық бағдарламасын қорытындылаған, ұйымдастырушылар 600-ден астан іс-шара өткізіпті және жалпы жиынтығы 41 миллион доллардан асатын инвестиция тартқан.

«Astana Hub аумағындағы стараптар салықтан босатылған. Көбінесе инвесторлар жергілікті заңнаманы, валютаның ерекшеліктерін түсінуге ынталы емес, осындай жағдайда біз оларға өзімізбен бір блокта орналасқан АХҚО мамандарының көмегін ұсына аламыз. Орталық британиялық жүйемен жұмыс істейді және барлық ережелер шетелдік агенттерге түсінікті болады. Доллармен инвестиция салу мүмкіндігі бар және дауларды британиялық заңнамамен әрекет етенін төрелік сотта шешуге болады», деп атап өтті ол. 

Аты көпке мәлім ресейлік Skolkovo жобасы туралы компанияның Қытайдағы өкілі Евгений Косолапов баяндады.

«Skolkovo көпшілік ойлағандай қарапайым кешен емес, ол қала. Кеңес Одағы тарағаннан кейін салынған академиялық қалашық. Онда технопарк, университет, кеңселер, экожүйеге қатысушыраға арналған жалға берілетін баспана мен мектеп бар. Дмитрий Медведевтің бастамасымен құрылғанымен біз ешқандай министрлікке бағынбаймыз. Біздің ресми мәртебеміз – ҒӨБ. Мемлекет есебінен қаржыландырылсақ та мақсатымыз – өз өзімізді қамтамасыз ететін деңгейге шығу», деп ойымен бөлісті маман.

Компанияның жетістігі жалпақ жұртқа аян. Жеке инвестиция тартуға қатысты жұмыстары да тамаша жүргізіліп келеді. Мәселен, Skolkovo аумағындағы ғимараттардың жартысынан көбі жеке қаржыға салынған. 2018 жылы Skolkovo стартаптарының табысы 1,5 млрд долларға жетті. Ондағы ұйымдар 33 мыңнан астам жұмыс орнын ашқан.

«Бізде де салық төленбейді. Табысты компанияларды гранттармен қамтамасыз етеміз, венчурлық қаржыландырумен көмектесеміз. Қытайда да өкілдігімізді аштық. Ресейлік стараптар АҚШ пен Еуропа нарығына ғана емес, Қытайға да шығуға мүдделі. Сондықтан біз оларға сапарларын ұйымдастыруға, кездесулер өткізуге, құжаттармен және консультациямен көмектесеміз, инвесторлар іздейміз. Менің қолымнан жылына 100 астам стартаптар өтеді. Бұған қоса қытайлық инвестоларға Ресейде жұмыс істеп, дамуға да жәрдем беріледі. Өкінішке орай, әзірге олардың қызығушылығы біз қалаған деңгейде емес. Ресейліктер ауқымы кең Қытай нарығына шығуға қызығушылық танытады, бірақ көршілеріміз болса РФ келуге ынталы емес. Өйткені біздің нарығымызда салыстырмалы түрде алғанда халықтың саны аздау. Дегенмен Huawei және Xiaomi сияқты ірі компаниялардың тарапынан қызығушылық бар», деп түсіндірді Косолапов.

Future Laboratory атқарушы директоры Ираклий Кашибадзе әсем архитектура мен тамаша шараптан басқа Грузияға ненің инвестиция тарта алатыны туралы айтып өтті. Оның сөзіне қарағанда, технопарктердің бірінің тарихы Тбилисидің еске ауданындағы «24/7» режимде ашық тұратын пәтерлердің бірінде басталған. Қазір де елде коворкингтері, зертханалары, құралдары мен басқа да қажеттіліктері бар жоғары техноологиялық орталықтары кең таралған. Кашибадзенің пікірінше ШЫҰ елдері мен Силикон алқабының экожүйесінің айырмашылығы әлі де айтарлықтай.

«Бізге АҚШ стартаптарына жетуге тырысудың қажеті жоқ , өз жолымызбен даму керекпіз дейтіндеп көп. Мен бұл пікірмен келіспеймін. Қорландыру, таланттар мен тәжірибесіз табысқа бәрібір жете алмаймыз. Сондықтан экожүйелерді одан әрі дамытуды жалғасырған жөн. Дегенмен қарқынымызды арттырудың жолы кооперациялану туралы шешім болуы мүмкін. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар өткен жылы Ташкентте біздің ақпараттық жүйелерімізді дамытудағы өзара ынтымақтастық туралы декларацияға қол қоюдан кейін басталды», деп түсіндірді ол.

Маманның пікірінше қазір ШЫҰ елдері шындап келгенде стартаптарды субсидиялаумен айналысады, ал олар табыс әкелетін деңгейге шыққанда АҚШ-қа кетіп жатыр.

«Мұндай мысалдар көп. Біз өзіміздің аймақта стараптарды дамыту үшін жағдай жасауға бір-бірімізге қол ұшын беруіміз керек. Мен отандастырымыздың шетелде мүмкіндіктерді қарастыруына әсте қарсы емеспін. Бірақ бәріміз жұмыла отырып, көбірек инвестор тартсақ, жергілікті кәсіпкерлерге жағдай жасап, отандық нарығықты дамытар едік», деді ол.

Startup Central Eurasia деп аталатын қоғамдастық аймақтағы елдердің ойыншаларының өзара әрекеттесу процесстеріне, стартаптардың көрші елдердің нырығына шығуына, серіктестер мен инвесторлар іздеуге, трендтер мен реттеуші рәсімдер туралы талдаулармен өзара алмасуға көмектеседі.

Қатысушылар грузиялық әріптесінің бұл пікірін құптап отыр. Джозеф Циглер де әлемде ешқандай ірі компания жақсы командасыз дамыған емес, экожүйелер де дәл солай, кооперациясыз жаңа деңгейге көтеріле алмайды деп түсіндірді.

High Technology Park Директоры Алтынбек Исмаилов Қырғызстан технопаркінің ерекшеліктері туралы айтып берді.

«Парк 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді және көптеген салық түрлерінен босатылған, бірақ компаниялар ақпараттық технологиялар секторын дамыту үшін табысының 1% төлейді. Паркті старатегиялық басқаруды тоғыз мүшесі бар орган жүзеге асырады. Олардың үшеуі бизнес-қауымдастықтардың өкілі, тағы екеуі Қырғызстан Парламентінен, қалған үш адам Үкіметтің өкілі. Демек паркте саяси сипаттағы мәселе туындамайды», дейді Исмалов.

Паркте 71 компания тіркелген. Қырғыздар мақтанатын факт – стартап табыстарының 90 процентке жуығы экспортқа тиесілі. Жақында ғана  -  2019 жылдың қаңтарында – Өзбекстан да өзінің технопаркін ашты. IT-park директорының орынбасары Абдуллахад Кучакаров жобаның болашағына зор деп санайды.

«Парк 17,5 км аумақта орналасады. Жүйе кеңселер, коворкингтер, IT-отель, консультациялық орталықтар мен басқа да нысандардан тұрады. IT-академия мен дата-орталық құрылысы жоспарланған. Рекреациялық және  акселерациялық бағдарламамыз бар. Біз үш университетпен бірлесе жұмыс жасаймыз. Парк компаниялары салықтан босатылған, ЖТС небәрі 7,5 процентке тең», деп бөлісті ол.

Әзірбайжан тәжірибесі туралы INNOLAND құрушыларынң бірі Маммад Карим баяндады.

«Әзірбайжанда стартаптар көп емес – шамамен 300-500-дей. Бізде 10 инкубациялық және бір акселерациялық орталық, оннан астам  кодинг-мектептер мен ондаған коворкинг орталықтар жұмыс істейді. Қазақстан бізге таланттарды табу мен теңинвестициялау жағынан қызықты», деп түсіндірді.

Angellabs серіктесі Тугче Ерғұл әңгімеге араласты. Angellabs  - бастапқы даму кезеңінде компанияларды қаржылық қамтамасыз етіп, сарапшылық қолдау көрсететін жекеменшік венчурлық инвесторлармен, яғни  «қорғаушыларымен» жұмыс істейтін компания.

«Біз түрлі бағыттар бойынша дамып келеміз. Олардың бірі – консультациялық фирмалар. Елдің брендін насихаттау бағытында түрлі мемлекеттердің үкіметімен жұмыс істейміз, инвесторлар табу мүмкіндігі бар топ - 8 немесе топ - 10 елді анықтап, брендті насихаттаумен айналысамыз. Сонымен қатар қорларды, капиталды тарту жайында тәжірибемізбен бөлісуге тырысамыз.  Көбінесе біздің серіктестер стартаптарды тарту бағытында ғана жұмыс істейді де қорлар туралы естен шығарады», деген пікірімен бөлісті.

Компания жұмыс істеген жылдары инвесторлармен және ірі қорлармен байланыс орната білген. Сондықтан Angellabs серіктестеріне мысалы Қазақстан сияқты елдерге инвестиция құюды қарастыруды ұсынатын мүмкіндігі бар. Ерғұл бұрын ойыншылар Силикон алқабынан тыс жобаларға инвестиция құюға құлықсыз болса, қазір олар үшін шетелге инвестиция салу қызықты екені туралы жаңа тренд қалыптасып келе жатқанын айтып өтті. Дамушы елдерге қаржы құю әлі де тәуекелді қажет етеді, дегенмен капитал біртіндеп келе бастаған.

Digital Bridge форумында көпшілікке таныстырылған тағы бір халықаралық белгілі ойыншы  - Techstars. Компанияның аймақтық менеджері Анураг Малу стартаптарды елдің әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін мықты тетік деп санайды.

«Стартаптар қала сияқты. Олар туу, өсу, құлау мен қайта өрлеу кезеңінен өтеді. Techstars – әлемнің әр түкпіріндегі 2000-нан астам компаниялардан тұратын акселератор. Біздің стартаптар жалпы саны 1600 болатын қалаларымызды дамытуға көмектеседі. Стараптардың мықты экожүйесі – тұрақты экономикалық өсімнің кілті, бірақ мұндай жүйені құру қиын.  Techstars ШЫҰ елдерімен өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», деп мәлімдеді ол.

Түрлі елдер мен компания өкілдері IT саласының даму деңгейі әр түрлі болғанымен тәжірибемен, әзірлемелерімен бөлісу, қателіктер мен жетістіктер туралы ақпарат алмасу ешқашан артық етпейді деп санайды, сондықтан  келесі Digital Bridge-2020 форумына қатысуға қуана келіседі.  





Наверх