• USD 385
  • EUR 434

Қала базарларындағы өрт қауіпсіздігі қаншалықты сақталған

13 тамыз, 11:33104
Фотоны түсірген автор Фотоны түсірген автор

Адамзат үшін тілсіз жаудың бірі – өрт. Оның айтып келмейтіні түсінікті. Дегенмен қауіптің алдын алдын алу шаралары арқылы оның зардабын азайтып, адам шығынын болдырмау мүмкіндіктері де бар. Солардың қатарына өрт қаупінің алдын алу шарасы жатады. Біздің редакцияға республикалық және төтенше жағдай комитетінен еліміз бойынша түрлі жерде, түрлі себеппен өрт шығып жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түседі. Өрттің үлкен-кішісі болмайды, дегенмен ең қауіптісі адам көп шоғырланған жердегі өрт. Адам көп шоғырланатын орынның бірі ол – базар. Елорда Инфо тілшісі қалалық 2 базарда өрт болған жағдайда адамдардың жанын сақтап қалуға жағдай жасалған ба деген сұрақпен аралап көрді.

Алдымен Орталық базарды аралап шықтық. Мақсат – өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталғандығын бақылау. Атап айтқанда, базар ішіндегі эвакуациялау жоспарының бар болуы, өрт сөндіру құралы бар ма және базар сатушылары оны қолдануды біледі ме және ең бастысы, өрт болған жағдайда сыртқа шығу есіктері ашық па деген мәселелерді назарға алдық.

Орталық базар 2 қабаттан тұрады, алғашқы қабатында байқағанымыздай, екі шығу есігі бар – алдыңғы және артқы. Одан бөлек, базардың жанында шығу есігін байқадық, бәрі де ашық дегенмен жанындағы есік адам көретін жерде орналаспаған. Яғни аталған сыртқа шығу есігін екінің бірі байқай бермейді. Дегенмен эвакуциялау жоспары мен өрт сөндіру құралы әрбір бұрышта ілініп тұр. Бірақ оның жарамды не жарамсыз екенін білмедік. Себебі аузы жабық, тек өрт болған жағдайда ғана ашылады, сондай-ақ күзетшінің рұқсатынсыз ашпау керектігін жазып қойған.

Фотоны түсірген авторФотоны түсірген автор

Фотоны түсірген авторФотоны түсірген автор

Тағы бір түсініксіз жайт базардың орталық есігінен бөлек екі шетінде кіру есігі жабық тұр, түсінуімізше бұл қосымша кіріп-шығу есіктері. Халық ағылып жатқан базарда қосымша есіктерден неге жабық тұрғанын да біле алмадық.

Базардың екінші қабатына тек қана эскалатор арқылы көтерілуге болады, ал баспалдақты байқамадық.

Екінші қабатқа келсек, мұндағы жағдайда сол бірінші қабаттағыдай барлық жерде эвакуациялау жоспары мен өрт сөндіру құралы ілініп тұр. Дегенмен оның жұмыс істеп тұрғандығына көзіміз жетті деп айта алмаймыз.

Оның үстіне кейбір өрт сөндіру құралдары салынып құлыпталынып тұрған жәшіктің кілті жоқ. Яғни өрт болған жағдайда оның қалай ашылатыны белгісіз.

Екі қабатты толықтай аралап болған соң, базар сатушыларын өрт қауіпсіздігі тақырыбында әңгімеге тарттық.

«Бізге өрт сөндіру құралын (огнетушитель) сатып алуды міндеттейді. Яғни әрбір бутикте міндетті түрде өрт сөндіру құралы болу керек. Және белгілі бір уақытта келіп, тексеріп тұрады. Менде өрт сөндіру құралының екі түрі бар, біреуі - ауа көбігі, екіншісі - көмірқышқыл құралы. Мәселе міндеттеуде емес, өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін сатып аламыз», - деді дүңгіршек иесі.

Фотоны түсірген авторФотоны түсірген автор

Жалпы Орталық базарда бір көзбен қарағанда өрттің алдын алу және тілсіз жау тап келгенде эвакуациялау дайындығы бар секілді, бірақ шығу есіктерінен әлі де болса проблема бар. Себебі өрт шыққан жағдайда адамның қалай болса да, қайдан болса да шығу есігін іздейтіні белгілі.

Келесі өрттің алдын алу қауіпсіздігін бақылау мақсатында «Шанхай» базарына бардық. Бұл базарда екі қабаттан тұрады және халықтың жиі шоғырланған орны екенін аңғардық. Бұл жердің артықшылығы, сыртқа шығу есігі көптеп қарастырылған. Басты екі кіреберістен бөлек, 4-5 далаға шығу есігі бар.

Байқағанымыздай, аталған ғимаратта эвакуциялау жоспары мен өрт сөндіру құралдары тиісінше орналасқан. Бұл базардың артықшылығы сол сыртқа шығу есіктері көптеп қарастырылған. Орталық кіріп-шығу есігінен бөлек, базардың 4 жағынан шығатын есігін көрдік.

Фотоны түсірген авторФотоны түсірген автор

Десек те «Шанхай» базарының 1-қабатынан бөлек, одан әрі жертөле барын байқадық, ол жер көтерме бағамен сатылатын заттардың мекені болып шықты. Жертөледе өрт қауіпсіздігінің нышандарын көре алмадық. Сол жерде жұмыс істеп жүрген кезіккен бір-екі адамнан өрт қауіпсіздігі құралдары туралы сұрап едік: «Бар шығар, білмеймін. Оны бізден емес, базар иесінен сұраңыз» деген жауап алдық.

Фотоны түсірген авторФотоны түсірген автор

Одан әрі жоғарғы қабаттарға көтерілдік, 1-2-қабатта баспалдақтар жиі қарастырылған бұл қауіп төнген жағдай кез келген жерден шығуға ыңғайлы екендігін аңғартады.

Жалпы екі базарды қарай келе бір қарағанда өртке қарсы қауіпсіздік құралдары мен тиісті жоспарлары ілініп тұрғанын байқайсыз. Ал қауіп төнген жағдайда оның қаншалықты іске дайын екенін өрт сөндіру қызметінің мамандары ғана біледі.

Жуырда ғана елордалықтардың жалпы қауіпсіздігі сөз болған жиын өтті. Сол жиында қалалық ТЖД-нің өкілі былтырғы Ресейдегі алпауыт өрт оқиғасынан кейін бас қаланың көптеген ірі және орта сауда орталықтары мен базарлары өртке қарсы қауіпсіздік жұмысын әлдейқайда күшейткенін айтып өткен болатын.

Еске сала кетсек, жақында ғана «Big Шанхай» базарында 30 бірдей дүңгіршекті жалын шарпыды.



 Подпишись в Telegram Еlorda Aqparat 





Наверх