Инновацияның шегі мен шекарасы жоқ - «Digital Bridge» қатысушысы

29 қазан, 14:48367
Автор: Elorda Aqparat
фото liter.kz сайтынан алынды фото liter.kz сайтынан алынды

Стартаптардың баттл форматындағы жарысы «Digital Bridge» жыл сайынғы халықаралық технологиялық форумның ең жарқын бөлімі болды. Қаржылай жүлде мен бизнес-періште назары үшін 90 команда бақ сынасты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қатал қазылардың алдында бір минут сөз алған стартаперлер тек өздерінің жобаларын таныстырып қана қоймай, оның  артықшылығын айтып, эмоцияларын да жеткізуі керек болды. Өтінімдерді іріктеу кезеңінен кейін 90 команда сахнада жобасын қорғауға мүмкіндік алған болатын. Оның ішінен 10 үздік жоба жартылай финалға өтіп, қазылардың шешімімен 3 жеңімпаз таңдалды.

Бірінші орынға 15 000 доллар, екінші орынға 10 000 доллар, үшінші орынға 5 000 доллар табыс етілді. Жүлде қорына қаржы мемлекеттік бюджеттен бөлінбеген, яғни демеушілердің қаржысы тартылған.

Әр жыл сайын «Digital Bridge»-ге қатысатын халықаралық командалар саны көбейе түсуде, оның үстіне Беларусь пен Ресейдің командалары да. Олардың бағыттары әлеуметтік саланың барлық түрін қамтиды.

Жылжымайтын мүлікті ұжымдық инвестициялау сервисі ұйымы бойынша Нұр-Сұлтан кәсіпкері қызықты жоба ұсынған. Нарықтағы коммерциялық жылжымайтын мүлікті төмендетуді жандандыру жобасы жаман болмайтын тәрізді. Идея мәні мынада, яғни қандай да бір кәсіпкерге нысан керек болып, бірақ оның барлық алаңына ақша жетпегенде, фирма жеткіліксіз сома жалға беруді ұсынып, біртіндеп сатып алуға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда жалға алушы іздеу және нысанды жөндеу мәселесі де шешіліп, автив өтімділігі де артады.

Бұдан басқа да команда бизнесті цифрлы трансформациялау жобасын ұсынды. Бұл идеяға Ресей мен Еуропа да қызығушылық танытуда.

Сондай-ақ форумда ғимараттың экологиясын жақсартатын инновациялық құрылғы да ұсынылды. Ол жағдайға 8 критерий бойынша мониторинг жасайды. Яғни ауаның ығалдылығын, температура, көмірқышқыл газ, жарықтылығы және т.б. қадағалап, тұрмыстық құрылғы үйдің немесе кеңсенің климатын дер кезінде оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Тағы бір қызықты энергоүнемдеуші технологияның көмегімен үйдегі әр бөлменің немесе өндірістік нысанның жылуын реттеуге болады. Әрине, бірінші кезекте, бұл қаржыны үнемдеп, екіншіден, жылы жерді жақсы көретіндер мен салқын ауаны ұнататындарға өздеріне ыңғайлы жағдайды таңдауға мүмкіндік туады.

Ал Алматы дәрігерлері білікті мамандар жетіспейтіән шеткі аймақтарға арналған жоба, яғни науқастарды қашықтықтан қарау жобасын ұсынды. Жасанды интеллект көмегімен дәрігерлер интернет арқылы жіберілген рентген нәтижесі бойынша 14 түрлі ауруға 80 пайыз дәлдікпен диагноз қоятын болады. Қазір жоба жасаушылар тері патологиясын, әсіресе онкологиялық ауруларды тексеруді бастау үстінде.

Көңіл көтерушілер арасында қалалық квесттер үлкен танымалдылыққа ие. Нұр-Сұлтан қаласының жас стартаперлері шынайылықпен толықтырылған ғимарат картасы бар, ойыншылардың рейтингін көрсететін қосымша құрған. Бұл ойынды одан сайын қызықты ете түсіп, жеңімпазды ашық әрі әділ түрде таңдауға мүмкіндік тудырмақ.

Павлодарлық креатившілер шағын және орта бизнеске көмектесуді жөн көріпті. Олардың сөзінше, 100 кәсіпкердің 67-сі өздерінің шынайы табысының нақты қанша екенін білмейді. Жобаның таныстырылымына қатысқан шағын кәсіп иелері бұл жағдайды құп көретіндерін жеткізді. Жоба жасаушылардың қоржынында ендігі жерде 200 сатылым бар, алайда өнімді жүзеге асыру 2020 жылы басталады.

Ресейлік команда жылжымайтын мүлікті басқаратын компания мен тұрғындардың арақатынасын жеңілдетуге арналған «Ақылды тұрғын» жобасын ұсынды.

«Байқаудың жартылай финалы әсерлі өтті. Қанық трафик. Таныстырылымға тек бір минут қана берілді. Оның өзінде сұраққа жауап беруге мүмкіндік болмады. Кейбірі сөзден жаңылып, көрермен мен жюрилерге жобасын «сата» алмады. Шынымен мықтылары да болды. Неге шарттары қатаң? Себебі стартапер әрдайым өз жобасын әлеуетті инвесторға таныстыруға дайын болуы тиіс. Оны қажет болса, жүгіріп жүріп те, лифттің ішінде де таныстыруға әзір болу керек. «Жаттығу ауыр болса, жекпе-жек жеңіл болады» дейді», – деді байқау жүргізушісі Насрулла Ахменов.

Жартылай финалдан кейін жюри мүшелері 10 жобаны таңдады. Оның бірі – «СТОgram». Бұл – көлік жөндеу сервисі, яғни мұнда қызмет көрсетушілер мен тапсырыс берушілерді, көлік иелерін байланыстырады. «AbsCpypt» медиафайлдарды шифрлеу жөніндегі идеяны ұсынды. Бұл бағдарлама әлемдегі өзіндік орны ар барлық бәсекелестен 100 есе тез жұмыс істейді. Сол сияқты бизнес жасауға арналған «Бухта» жобасы да өте жақсы пікірге ие болды. Заңгерлер жасаған қызықты жоба онлайн-кредит бойынша қарызға батқан қазақстандықтарға көмектесу, оларды қорғауға арналған. Ал antidolg.kz платформасы жоғары пайызбен кредит алушыларды қорғайды. Үздік ондықтың қатарына дауысты жазбаны мәтінге айналдыруда 75 пайыз дәлдікті ұсынатын колл-орталық та енді. Мұндай жобадан журналситер де бас тартпас еді. Сонымен қатар қазылар «IDocs» жобасын да жоғары бағалады. Үлкен тойларға бос залдар мен әртістерге тапсырыс беруге арналған «ToiDriver» жобасы да жақсы әсер қалдырды. «Tuvis» өздерінің дүкендеріне екінші қайтара келіп соғуға тартуға мотивация беретін қызықты жоба. «Mechaicum 3D» бағдарламасы болашақ инженерлерді 3D көмегімен оқытады. «Kid security» ата-аналар үшін балаларының қай жерде жүргенін анықтауға арналған таптырмайтын жүйе. GPS-мониторинг Қазақстанда ендігі арада қолданысқа енгізілген танымал бағдарлама.

«Digital Bridge» стартеперлер баттлының жеңімпазы 3 команда болды. 3-орынға ие болған «Antidolg.kz» 5 000 доллар, 2-орын алған «AbsCpypt» 10 000 доллар, ал 1-орын алған «Kid security» жобасына 15 000 доллар қаржылай сыйлығы табыс етілді. Қатысушылардан жүлдені не нәрсеге жұмсайтыны туралы сұралған кезде барлығының жауабы бір болды – өз өнімдерін жетілдіру, идеясының ауқымын кеңейту, оны насихаттау мен маркетинг.

Astana Hub Battle сайысы екінші мәрте өткізіліп отыр. Әділ-қазылар алқасының барлық мүшесі жобаның сапалы өсіп келе жатқанын, тақырыптардың әртүрлілігін атап өтті. Сол сияқты аталған форум сингапурлықтан кем түспейтінін айта келіп, оған өзге елден келген стартапшылардың қызығушылығының артып келе жатқанына назар аударды.

«Форум өте қызықты. Стартапшылармен әңгімелесе келе өзіміздегі сервисті одан ары ыңғайлы ету үшін бізге кімнің керек екенін білдік. Бұл жақтың тұрғындары өте көңілді, әңгімелесуден бас тартпайды. Енді қандай компаниямен, серіктестермен жұмыс істейтінімізді таптық», - дейді Мәскеуден келген «Ақылды тұрғын» жобасын ұсынған Константин Попов.

«Қазақстанда стартап мәдениеті дамып келеді. Жастар бұрынғыдай ағаларына құлдық ұрып, соңдарынан бірге еріп, мемлекеттік секторларда жұмыс істегенге қарағанда өзіндік креативтілігімен көзге түсіп жатыр. Мен бұған қуанамын. Одан қорқудың еш себебі жоқ. Егер бір жобаны іске асыру қолыңыздан келмесе екіншісін бастаңыз, төртіншісінен құласаңыз, бесіншісін ашыңыз. Сіз Қазақстан экономикасын дамытуға үлес қосатын бірден бір жансыз. Болашақ сіздің қолыңызда!» - деді әділ-қазылар алқасының мүшесі, кәсіпкер Максим Беженарь жастарға қарата айтқан сөзінде.

«Мына жердегі керемет атмосфераны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Astana Hub белсенді түрде дамып, қатысушылардың көбейіп келе жатқанына әрі талантты жастар үшін тартымды орын болып отырғанына қуанамын. Кейбіріңіз осы жерде инвестор тауып, мәмілеге келгендеріңізді білемін. Міне біз осы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Цифрлы Қазақстан біздің атқарған жұмысымыздың нәтижесінде ілгері жылжып, дамып келеді», - дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

Жиын барысында мемлекеттік органдар да марапатталды. Цифрландырудың үздік кеңсесі ретінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мойындалды. Ал квазимемлекеттік ұйымдар арасында – KEGOC, жергілікті атқарушы органдар арасында – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі үздік деп танылды.

Astana Hub Awards премиясын мына компаниялар жеңіп алды: Antidolg.kz – «Жыл жаңалығы», Biometric – «Жылдың үздік IT-стартабы», Рамиль Мухоряпов – «Жылдың үздік IT-кәсіпкері».

Форумның басты идеясы тәжірибе алмасу мен кооперацияда болды. Орталық Азия елдері стартаптың өзіндік экожүйесін дамыту үшін үлкен ресурстар салып жатыр. Ал бізге неліктен бірлесе жұмыс істеп, ресурстарымызды бөліспеске, деп атап өтті СЕО Astana Hub Джозеф Циглер.

«Себебі инновацияның шегі мен шекарасы жоқ. Біз бірлесіп жұмыс істегіміз, өз тәжірибемізді бөліскіміз келеді, сол сияқты стартаптар бір-бірімізге көмектесіп, мақсатымызға бірге жетуді көздейміз. Ешкім экожүйені өз бетімен толық жасай алмайды. Тіпті, өзім жұмыс істеп үлгерген үздік стартаптар да мықты командасыз, ресурссыз дамыған емес. Біздің даму деңгейіміз әртүрлі. Бұл жаман деген сөз емес. Тіпті, Грузиядан біздің нарыққа келетін дамыған деген нарық ойыншыларын елестетіп көрейік. Олар біздің нарықта ойдағыдай жұмыс істеп кете алады. Себебі біздегі бәсеке айтарлықтай жоғары емес. Біздің артықшылығымыз мынада, олар бізге келіп, өздерінің стартаптарын ашқан соң жергілікті тұрғындарды жұмысқа ала алады. Ал жергілікті тұрғындар жұмыс берушілерден біраз нәрсе үйренеді. Ары қарай өз тәжірибелерін өзгелерге үйретіп, кеңінен жаюына септігін тигізеді. Сондықтан қанша дегенмен бұл кооперация өз жемісін берді. Бұл әркімнің өз стартабын ашуға мүмкіндік беретінін білдіреді», - деді Джозеф Циглер.

Айта кетейік, форумның форматы былтырғыға қарағанда өзгерді. Өткен жылы ол Astana Hub-тың ашылуына арналған болатын.

«Біз хабтың дәл бүгінгідей кездесу алаңына айналғанын қалаған едік. Парк экожүйенің, нетворкингтің барлық ойыншыларының кездесу орны болды. Осы жылғы форум шекарамызды кеңейтіп, стартаптарымызға инвесторлармен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау нүктелерін табу мүмкіндігін ашамыз деген деген месседжді алып отыр. Бұл Digital Bridge фишкаларының бірі. Жыл бойы біз жұртшылықты көбіне не қызықтыратынын анықтай келе сессиямызды технологияны білімге енгізу тақырыбында өткізуге тоқталдық. Осы тақырыптың аясында бағдарламалау мектебін аштық: байланыссыз, лекцияларсыз және оқытушыларсыз оқыту. Бұл бірегей әдіс дүние жүзі бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазір бұл бағдарлама Astana Hub-та кез келген ниет білдірушіге қолжетімді», - дейді Astana Hub-тың атқарушы директоры Әділет Нұрғожин.

Стартап өкілдері сарапшылардың пікірін бейресми жағдайда тыңдауға тілек білдірді. Олар үшін бес «цифрлы» вице-министрмен кездесу ұйымдастырылды.

«Жастар мемлекеттік органдардың позициясын тыңдағандарына қуанып қалды. Ведомстволардың нарықпен жұмыс істеп, проблемаларды шешкісі және барынша ашық болғысы келеді. Бұл тіпті галстуксыз форматында қатты байқалды. Біз мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұрғымыз келеді», - дейді Ә.Нұрғожин.

Digital Bridge Forum 2019 жылдың басты цифрлы іс-шарасы болды. Форумға 25 елден бас-аяғы бес мың IT-маман, инвестор қатысты.

Бұл форум небәрі екінші мәрте өткізіліп тұрғанмен, оның деңгейі артты.





Наверх