Бас қаланың коммуналдық қызметі қысқа дайын ба

31 қазан, 08:56143

«Қазгидромет» РМК- ның ақпаратына сүйенсек, елордада алғашқы қар қараша айының басында жауады. Бүгінгі күні қаланың барлық аудандары қысқа қамданып жатыр. Яғни қажетті құрал-жабдықтар мен техникаларды әзірлеуде. Одан бөлек, жұмысшыларды дайындаумен қатар, тазалық пен қар шығаруға жауапты мердігер ұйымдар да белгілі болды. Осы орайда Елорда Инфо тілшісі әр аудан бойынша қаланың қыс мезгіліне дайындық барысына шолу жасады.

Алдымен Сарыарқа ауданының қысқа дайындық жұмыстарына тоқталсақ, аудан көлеміндегі көшелердің жалпы саны – 332, ұзындығы 232,8 шақырым. Оның ішінде, техникалық жаяужолдың аумағы: 39 114 м2, тас төселген жаяужолдың ауданы: 311 701 м2, қолмен жинау алаңы - 1,6 млн шарты метр және кварталішілік жинау алаңы - 15 млн шаршы метрді құрайды.

Аудан аумағын күнделікті санитарлық тазартуды 20 мердігер ұйым жүзеге асырады. 31 лот бойынша жалпы техника саны-354 бірлік, оның ішінде: ПМ - 41 бірлік, МТЗ-32 бірлік, самосвал-163 бірлік, фронтальды тиегіш - 59 бірлік, МКСМ - 10 бірлік, тиегіш - 16 бірлік, автогрейдер - 18 бірлік, құм шашқыштар – 14 бірлік, МТЗ Ротор 1 бірлік, жол жұмысшылары-663 адам.

Әкімдік берген ақпаратқа сүйенсек, жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласының басқармаларымен аудан бойынша көшелерді күрделі немесе орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Сарыарқа ауданы аумағынан шығарылатын жыл сайынғы қардың көлеміне келсек, 2017 жылы 1 677 984 м3 қар шығарылды, 2018 жылы - 777 961 м3, 2019 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін 550 857 м3 астам шығарылған.

Есіл ауданында қысқы тазалық жұмысымен 23 мердігерлік ұйым айналысады. Қысқы мерзімде барлығы 536 бірлік арнайы техника және 761 жол жұмысшысы жұмылдырылады. Оның ішінде ПМ-83 бірлік, МТЗ трактор-78, самосвал – 164, фронтальды тиегіш – 61, МКСМ – 17, автогрейдер – 23, құм шашқыш – 32, ротор – 8, көше сыпырғыш – 50 бірлік.

Қазіргі уақытта мердігер ұйымдарда тайғақ кезінде төселетін 12 925 тонна реагент және 290 тонна айсмелт бар. Аудан аумағынан қар шығару көлеміне келсек, 2015-2016 жыдары- 1 653 000 м3, 2016-2017 жылдары -1 009 932 м3, 2017-2018 жылдары- 986 053 м3 қар шығарылды, сондай-ақ, биылғы жыл қарлы болады деп болжам жасалуда.

Аудан көлемінде ұзындығы 243 шақырымды құрайтын, 230 көше бар. Биылғы қысқы қарды шығару үшін «Қазанат» ипподромы маңында екі арнайы орын белгіленді, атап айтқанда Ш. Бейсеков көшесіндегі №2 тазарту орны, екіншісі Ұлы Дала және Тұран даңғылы қиылысындағы №27 тазарту орны белгіленген.

 

Келесі Алматы ауданының қыс мезгіліне дайындық барысы. Ауданда жалпы көше саны -342 және олардың ұзындығы - 290, 72 шақырым. Оның ішінде санитарлық тазалау аумағы - 7 966 600 м2 құрайды. Ал жаяу жүргіншілерге арналған жолдың аумағы - 1 000 101 м2 көлемінде.

«Алматы» ауданының аумағында күнделікті 11 мердігерлік ұйым санитарлық тазалауды жүзеге асырады. Техниканың жалпы саны (қыс мезгілінде) - 531 бірлік. (оның ішінде сыпырғыш көліктер - 90 бірлік, МТЗ - 46 бірлік, өзі аударғыш көліктер - 238 бірлік, фронталды жүк тиегіштер - 55 бірлік, шағын тиегіш - 19 бірлік, қалақты тиегіштер - 25 бірлік, автогрейдерлер - 27 бірлік, құм шашқыштар - 29 бірлік, роторлы МТЗ - 2) жұмысшылар - 678 адам.

9 орамның көшелерін және орам ішіндегі аумақтарды қолмен және механикаландырылған түрде тазалауды 9 мердігерлік ұйым жүзеге асырады (9 лот). Одан бөлек, Алматы ауданындағы саябақтар мен шағын бақтарды тазалауды 1 мердігерлік ұйым жүзеге асырады.

Қарды шығару көлеміне келсек, 2015 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта қар шығару - 1 147 238 м3, 2016 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта қар шығару - 2 122 711,8 м3, 2017 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта қар шығару - 1 337 358 м3 құрайды.

Әкімдіктің хабарлауынша, аудан аумағынан шыққан қар арнайы полигондарға жеткізіледі. Аудан бойынша Туберкулезге қарсы диспансерге барар жолдағы Железнодорожный тұрғын алабының аумағында орналасқан. Сонымен қатар «Мыңжылдық» ТҚ аумағында қар еріткіш құрылғыны орнатуға арналған бір орын белгіленді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 26 қазанында «Байқоңыр» ауданында қысқа дайындық үшін «техниканы байқауы» өткізілді.

Аудан бойынша санитарлық тазалықты 15 мердігерлік ұйымы жүзеге асырады. Қысқы кезеңде барлығы 278 бірлік мамандандырылған техника мен 403 жұмысшы жұмылдырылатын болады. Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымдарда тайғаққа қарсы реагент - 9 000 тонна көлемінде бар.

2018-2019 жж. кезеңінде 125 000 м3 қар шығарылды.

Аудан аумағында ұзындығы – 249 шақырым құрайтын барлығы 216 көше бар. Техниканың жалпы саны - 278 бірлік (оның ішінде: суарып жуатын машина - 23 бірлік, қылшағы бар МТЗ трактор  - 10 бірлік, самосвал - 121 бірлік, фронтальды тиегіш -33 бірлік, көпфункционалды коммуналды құрылыс машинасы - 2 бірлік, кеспе тиегіш - 12 бірлік, автогрейдер - 15 бірлік, құм шашқыштар - 8 бірлік, роторлы техникасы -3 бірлік, қолмен механикалық сыпыру щеткасы -28 сынып), жол жұмысшылары – 403 адам.

2019-2020 жылға қар полигонының орналасқан жері - ЭКО Полигон ауданында.

Байқоңыр ауданындағы Байырқұм-Пушкин көшесінің қиылысында «Можайский» қар ерітетін орын болып белгіленді.





БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх