Тәуелсіздіктің 30 жылдығы

Қаллеки театрында халық аспаптар ансамблінің концерті өтті

Қаллеки театрының шығармашылық құрамы халық аспаптар ансамблімен толықты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қаллеки театрының және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, Халық аспаптар ансамблінің тұсаукесер концерті өтті.

Ел жүрегінен орын алған, халық музыкасымен сусындатқан кешті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолан, Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ку Хонг-сок мырза тамашалады.

Концерт солистері: Қаллеки театрының артистері – Гауһар Жүсіпова, Айшолпан Жаңабергенова, Қасымхан Бұғыбай.

Сондай-ақ кеште Жетпіс Нұрмағанбетов, Алтынай Бағдат, Мадиар Абай, Айжан Нұрқасымова, Темірлан Шөкенов, Жетпіс Нұрмағанбетов, Әлібек Қайырбек, Дастан Жиеналин, Данияр Хамзин, Сахы Нұрболат, Темірлан Шөкенов секілді өнерпаздар да өнер көрсетті.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Халықаралық конкурстардың лауреаты Маралжан Мырзақұлова.

Бас дирижер – мәдениет саласының үздігі, «Еңбек Даңқы» ордерінің иегері Ерлан Бейсембаев.

Театрдың көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай.

elorda.info

Back to top button