Тәуелсіздіктің 30 жылдығы

Нұр-Сұлтанда халықаралық жастар форумы өтеді

4 маусым сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан к-сі, 1А) ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «БІЗ – ЕЛ ПАТРИОТЫМЫЗ» халықаралық жастар форумы өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Форумның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Форумның пленарлық отырысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Б.Темірболат, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б. Байбек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары С.Егізбаев, Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары Ә. Марғұланұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты М. Ахметов, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесі хатшылығының басшысы А. Карпенко, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті А. Қарбозова, «Ресей Жастар Одағы» жалпыресейлік қоғамдық ұйымының төрағасы П.Красноруцкий, Қырғыз Республикасы Жастар парламентінің жетекшісі Н. Жолдошова, «Беларусь республикалық жастар одағы» қоғамдық бірлестігі Орталық комитетінің бірінші хатшысы, Беларусь Республикасы Ұлттық Республика кеңесінің мүшесі Д. Воронюк, сондай-ақ «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары қатысады.

Пленарлық отырыс барысында жастар көшбасшыларына Алматы қаласы мен облыс әкімдерінің онлайн-үндеуі жоспарланған.

Панельдік сессиялар «Ореп space» форматында өтеді.

Басқосуда қазақстандық жас спортшылар, ғалымдар, әртістер мен кәсіпкерлер қазіргі кезеңдегі жаһандану үдерістерінде жастардың рөлін айқындаудың өзекті мәселелерін талқыламақ. Форум соңы қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаға ұласады.

elorda.info

Back to top button