Тәуелсіздіктің 30 жылдығы

Елордада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалар фестивалі» өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Дәулет» теннис орталығында «Балалар фестивалі» ұйымдастырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Фестиваль салауатты өмір салтын және «It’s all about ability» ЮНИСЕФ халықаралық бағдарламасының қамқорлығымен инклюзивті спортты насихаттау мақсатында өткізілді.

Фото: Оңалхан Өнерхан

«Бүгінгі шараға 60-тан астам бала, оның ішінде теннистен инклюзивті топтағы балалар қатысады. Оларды мерекелік көңіл-күй, түрлі ойындар және тәтті тағамдар күтеді. Өткізіліп жатқан іс-шара әртүрлі мүмкіндіктері бар, сондай-ақ бірдей құқыққа ие ерекше балалардың қоғамдағы әлеуметтік интеграция бойынша міндеттерді іске асыруға мүмкіндік береді. Фестивальді ұйымдастыруға атсалысқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «BATYL» коммерциялық емес ұйымына алғысымды білдіргім келеді», — деді «Дәулет» теннис орталығының директоры Дина Темірғалиева.

«Балалар фестивалі» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл аясында Елбасының бастамасы бойынша ұйымдастырылған «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобалардың тізіміне кіреді.

Фото: Оңалхан Өнерхан

«Бүгін отбасымызбен балалар фестиваліне қатысудамыз. Ең алдымен шараны ұйымдастырушыларға рақмет айтамын. Соңғы кездерде осы сынды мерекелерді атап өту сирек болып жатыр. Балаларымыздың көңіл-күйлері көтеріліп, мерекені сезінгендері біз үшін үлкен қуаныш», — деді ерекше баланың анасы Райхан.

Фото: Оңалхан Өнерхан

Алтын Өмір

Алтын Өмір, Elorda.info сайтының тілшісі

elorda.info

Back to top button