00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

Жаңажол көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

04.07.2023 | 15:30
82
Фото: дереккөз

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жаңажол көшесінде орташа жөндеу жұмысын бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізіліп жатыр.

Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 4-5 шілде аралығында Алаш көпірінен М.Горький көшесіне дейінгі аралықта Жаңажол көшесі бойынша көлік қозғалысы ішінара жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар