00:00
Астана -10oC
USD:
473.15
EUR:
515.12
RUB:
5.4
Іздеу

INNOPROM.QAZAQSTAN халықаралық өнеркәсіптік көрмесі басталды

25.09.2023 | 06:30
141
Фото: primeminister.kz

Астанада ЕАЭО елдері Үкімет басшыларының қатысуымен халықаралық көрме басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, іс-шара аясында 12 мың шаршы метрден астам Қазақстан, Ресей, Армения экспозициялары және тақырыптық бөлімдер бойынша 300-ден астам компания ұсынылған. Олардың ішінде: медициналық жабдықтар мен бұйымдар, химия өнеркәсібі, металлургия, өнеркәсіптік IT, машина жасау, құрылыс индустриясы және жиһаз өнеркәсібі, энергетикалық машина жасау және жеңіл өнеркәсіп.

INNOPROM.QAZAQSTAN форумының негізгі бөлігінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайыловты, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинді, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченконы, Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровты, сондай-ақ бейінді министрліктердің басшыларын бір сахнаға біріктіретін «Жаңа заманның өнеркәсіптік стратегиялары» атты бас пленарлық сессия болды.

Іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен билік өкілдерін, өндірушілер мен бизнес капитандарын біріктіреді. Дөңгелек үстелдер мен пікірталас алаңдары барысында олар жаһандық нарықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ, «EXPO» Көрме орталығында, сорғы, компрессор және блок-модульдік технологиялық жабдық; кабельдік-өткізгіш өнімдер; өнімнің қорапқа, түсіру жүйелеріне роботтандырылған топтық қаптамасы; пакерлік-зәкірлік жабдық және ұңғымалық құрастырмалар; арматура мен оқшаулағыштар; сепараторлар, сүзгілер, ыдыстар мен аппараттар; қасбеттік кассеталық панельдер, тірек аспалы төбелер және т. б. өндірісі салаларындағы ірі кәсіпорындар қатысатын стендтер ұсынылды. 

Барлық жаңалықтар