00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

Сарыарқа ауданындағы заңсыз 9 қоқыс полигоны жойылды

11.07.2024 | 15:28
Торғын Аман
112
Сарыарқа ауданындағы заңсыз 9 қоқыс полигоны жойылды
Фото: saryarqa.audany/ инстаграмм

Сарыарқа ауданының аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл басынан бері аудан аумағында 14 қоқыс орындары анықталып,  9 орыннан 17 мың тоннадан астам құрылыс қоқыстары шығарылды.

«11 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 550 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Ірі көлемді, құрылыс және басқа да қоқыс түрлерін тек Алаш тас жолының бойында орналасқан елорданың экополигонына шығаруға рұқсат етілген», - деді аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдар көзделген. Осы бап бойынша жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал кәсіпкерлер үшін 30-дан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Барлық жаңалықтар