00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

Елорданың автобус парктері 20 жаңа автобуспен толықты

19.06.2024 | 16:49
Торғын Аман
131
Елорданың автобус парктері 20 жаңа автобуспен толықты
фото: дереккөзден

Елорданың жеке автобус парктері Қытайда жасалған 12 метрлік «HIGER» маркалы 20 жаңа автобуспен толықты, деп хабарлады Elorda.info.

«City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа автобустардың 15-ін № 3 жеке автобус паркі сатып алған. Қазір оның 8-і жеткізілді. Тағы 5 автобусты № 7 жеке автобус паркі сатып алды.

«Айта кету керек, өткен жылдың соңында № 3 автобус паркі осындай 21 автобус алған болатын және қазіргі уақытта олар бағдарларда жүр. Жылжымалы құрамды жаңарту жұмыстары бұдан әрі де жалғасады», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар