00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

Елордалық тіл үйренушілер марапатталды

Елордалық тіл үйренушілер марапатталды
Фото: Elorda.info

Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Руханият» КММ-сі қазақ және ағылшын тілдерінде өткізілген курстың аяқталуына орай белсенді қатысушыларға сертификаттар тапсырды, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазақ тілі курсы 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Содан бері ересек адамдарға қазақ және ағылшын тілдерін үйрету жұмыстарын жүргіземіз. Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Астана қаласының жекелеген тұрғындарын, мемлекеттік қызметшілерді және ұлттық компаниялардың өкілдерін қазақ тіліне үйретумен айналысамыз.

Жоспарымыз бойынша жыл бойына қазақ тілі курсы бойынша 1500 адамды, ал ағылшын тілі бойынша  110 адамды қамтуымыз қажет. Жылдық жоспар бойынша межеге жетеміз, өйткені қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытатындар өте көп. 

Курс екі кезеңнен тұрады. Сыйымдылығы 4 ай. Сабақтар аптасына 3 рет болады. Қазақ тілі 100 сағатты, ал ағылшын тілі 88 сағатты қамтиды.Осы жылы 877 адам қазақ тілін курсын тәмамдады. Ағылшын тілі бойынша 38 адам аяқтады. 

Бүгін сабақтан қалмай қатысқан белсенді өзге ұлт өкілдерін алғысхатпен марапаттап, әдеби кітаптарды сыйға тарттық», - деді «Руханият» КММ Қазақ тілін оқыту және әдістемелік жұмыстар жөніндегі бөлім басшысы Салтанат Жайлау.

Іс-шараның мақсаты -тіл үйренушінің  тұрмыстық-кәсіби салаларда қазақ тілін сауатты қолдануын қалыптастыру және оларды тіл деңгейлері бойынша өз ойын, пікірін еркін айтуға, іс-қағаздарын сауатты жүргізу дағдысына үйрету. 

«Мен Республикалық ғарыштық байланыс орталығында жұмыс істеймін. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі - қазақ тілі . Мемлекеттік тілді меңгеру -Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Осы парызымызды орындауға Астана қаласы әкімдігі «Руханият» КММ-сі үлкен көмек көрсетті. Аталған мекемеге қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру ісіне өз үлесін қосқаны үшін Республикалық ғарыштық байланыс орталығы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз», - курс қатысушысы Сергей Гавриленко. 

Сонымен қатар, ағылшын тілін үйренуге тілек білдірушілер де аз емес.

«Менің өз мамандығым - неміс тілі пәні мұғалімі. Бірақ ағылшын тілін үйренген де ұнайды. 2-3 жылдан бері үйреніп те келемін. Дегенмен сөйлемесе, тіл өледі ғой, сондықтан осы курсқа жазылдым. Бұл курста көп нәрсені еске түсіріп қана қойған жоқпыз, біраз жаңа нәрсені де үйрендік» - деді курс қатысушысы Мейрамгүл Өтегенова. 

Барлық жаңалықтар