00:00
Астана -10oC
USD:
472.62
EUR:
513.22
RUB:
5.43
Іздеу

Елордада заңсыз айналымнан 62 келі есірткі тәркіленді

12.06.2024 | 14:04
Торғын Аман
130
Елордада заңсыз айналымнан 62 келі есірткі тәркіленді

Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Әлия Қибатқызының қатысуымен брифинг өтті. Онда «Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы шеңберінде есірткіге қарсы іс-шараларды іске асыру барысы туралы айтылды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы Полиция департаменті интернет-ресурстар арқылы жеткізілетін есірткінің синтетикалық түрлерін қоса алғанда, өткізу және жеткізу арналары фактілерін анықтауға ерекше көңіл бөліп келеді.

«Биылғы жылдың бес айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 528 дерек анықталған, оның ішінде есірткі сату бойынша 132 дерек тіркелген. Заңсыз айналымнан 62 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді. 2022-2024 жылдар аралығында елордада 9 есірткі зертханасының қызметі анықталып, жолы кесілді. Бүгінгі таңда Қазақстанда есірткі нарығында өсімдік тектес дәстүрлі препараттарды (марихуана, гашиш және т.б.) «синтетикалық» деп аталатын «дизайнерлік препараттармен» қарқынды ауыстыру белсенді үдерісі жүріп жатыр», - деді ол.

Барлық жаңалықтар