00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

Елордада «Алаш аманаты» атты көрме өтіп жатыр

13.04.2023 | 15:08
116
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Бұқар жырау Қалқаманұлының  355 жылдығына орай «Алаш аманаты» атты көрме өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

9.jpg

Ертіс-Баян өңірі - өнерге де, мәдениетке де бай өлке. Соңғы жылдары облыс аумағынан Алаш ардақтыларына қатысты тың деректер, қолжазбалар, көне кітаптар үсті-үстіне табылып жатыр. Тұлғалардың шығармашылық өмірінен сыр шертетін көптеген құнды жәдігерлер бүгінде Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қорына алынып, аймақ халқының рухани және мәдени олжасына айналып үлгерді, - деді Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы Ербол Қайыров. 

3.jpg

Көрмеде Павлодар өңірінен табылған Ахмет Байтұрсынұлының «Маса», «Қырық мысал» кітаптары, Нәзір Төреқұловтың «Темірқазық» журналдарының және Қошмұхамед Кемеңгеровтыі «Қазақ тарихынан» кітабының түпнұсқалары Астанада алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды.

2.jpg

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында өтіп жатқан көрменің ашылу салтанатына мәдениет пен өнер саласы және зиялы қауым өкілдері қатысты. 

8.jpg

6.jpg

7.jpg

10.jpg

Барлық жаңалықтар