00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

Дизайн-код: Елордада сәйкес келмейтін 870 жарнама өзгертілді

21.06.2023 | 09:00
145
фото: gov.kz

Астанада 2019 жылы бекітілген елорданың дизайн-кодына сәйкес сыртқы жарнама мен маңдайшаларды ретке келтіру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта бекітілген дизайн-кодқа сәйкес келмейтін 870 жарнамалық элемент өзгертілді.

Мұндай заң бұзушылықтарды жою үшін шағын және орта бизнес иелеріне сыртқы жарнаманы сәйкестендіру туралы хабарламалар таратылады.

Елорданың урбанистика орталығы мұндай сыртқы жарнама қаланың көркін бұзып, келбетіне нұқсан келтіретінін мәлім етті.

дизайн 3.jpeg

Мысалы «Көркем» тұрғын үй кешенінде көптеген кәсіпкер өздерінің қасбетін ретке келтіруді жөн санайды. Олар дизайн кодқа сәйкес келмейтін жарнамалар қаланың жалпы көрінісі мен үйдің көрінісін бұзады деген пікірде.

Астана қаласының урбанистика орталығы маңдайшалар бойынша 130 эскиздік ұсыныс әзірледі, сыртқы жарнама бойынша 40-тан астам сауал пысықталды.

дизайн.jpeg

Мақсат – сыртқы жарнамаларды ретке келтіру, біртұтас және тартымды ортаны құру, сонымен қатар визуалды шуды жою.

Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында жүргізіледі.

Барлық жаңалықтар