00:00
Астана -10oC
USD:
477.03
EUR:
521.44
RUB:
5.43
Іздеу

Астанада полициядан қашып құтылмақ болған мас жүргізуші қолға түсті

09.07.2024 | 15:26
Торғын Аман
106
Астанада полициядан қашып құтылмақ болған мас жүргізуші қолға түсті
фото: ашық дереккөзден

Елордада ішімдік ішіп, рөлге отырған 35 жастағы жүргізуші полицейлерден қашып құтылмақ болды, деп хабарлады Elorda.info.

«Hyundai» көлігін тізгіндегін мас жүргізуші сағат 05.00 шамасында караоке мейрамханасынан шыққан. Патрульдік полиция қызметкерлерін көрген жүргізуші қашып кетуге әрекеттенген.

«Тәртіп сақшылары оны тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде көліктің ішінен алкогольдің иісі шыққанын аңғарған. Медициналық тексеру қорытындысы бойынша жүргізушінің орташа дәрежеде мас болғаны анықталды», - деп көрсетті Астана қалалық Полиция департаменті.

Полиция департаменті көлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауды және алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік жүргізбеу қажеттігін ескертеді.

Барлық жаңалықтар