Elorda.info

Ш.Құдайбердіұлы – Бурабай көшелерінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет

Ш.Құдайбердіұлы – Бурабай көшелерінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада жөндеу жұмысына байланысты Ш.Құдайбердіұлы – Бурабай көшелерінің қиылысы жабылады, деп хабарлады Elorda.info.

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ «Оңтүстік-Шығыс (сол жағы) тұрғын алабы көшелерін салу және реконструкциялау» жобасын іске асыруда.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Құдайбердіұлы – Бурабай көшелерінің қиылысында инженерлік желілерді орнату жұмысы басталды.

Осыған байланысты 25 наурыз – 10 сәуір аралығында аталмыш көшелердің қиылысында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Сол сияқты жол-құрылыс жұмысын жүргізу кезеңінде №13, 47 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.

Өзгертілген қозғалыс схемасымен суреттен таныс бола аласыздар.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Елорда жаңалықтары