00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
518.99
RUB:
5.4
Іздеу

Астаналық еріктілер қала тұрғындарына ыстық шай таратты

31.03.2023 | 21:07
Елорда ақпарат
71

Тәуелсіздік күні қарсаңында қатты аязға қарамастан елордалық волонтерлер аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қала тұрғындарына тегін шай таратты, деп хабарлады Elorda.info.

«Мейірімді қала» акциясы аясында ұйымдастырылған игі іс қаланың 4 ауданындағы көшелер мен аялдамаларды қамтыды.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері «Встреча» сауда үйі алдына жиналып, қоғамдық көлікті күтіп тұрған жолаушыларға, көшеде жүрген қала тұрғындарына және «Астана тазалық» мекемесінің қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ ұсынып, олардың ықыласына бөленді.

Жыл сайын өткізілетін «Мейірімді қала» акциясы кезекті рет ұйымдастырылып отыр. Бұл акция аязды күндері тұрғындарды, әсіресе қала көшелерін тазалап жүрген жұмысшылардың бойын ғана емес, рухын жылытуға, жақсы көңіл-күй сыйлауға бағытталады. Біз мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттаймыз. Бүгін 50-ге жуық волонтерлер әр ауданда жиналып, бұл іске тартылды. Бұған дейін біз қатты аяздарда ғана шай таратсақ, енді қыстың кез келген ауа райында шығып тұрамыз, - деді «Астана жастары» ЖРО-ның Волонтерлік қозғалысты дамыту бөлімінің маманы Дамир Айтымов.

Қалың қар қала бойынша жүруді қиындатады, сәйкесінше аялдамаларда автобустардың күту уақыты артады. Мұны ескерген еріктілер адамдар көп шоғырланған жерлерге жиналды. Әрі-бері өткен тұрғындар жастарға алғыс білдірді.

Мен жастарға рақмет айтқым келеді. Шай ішіп, бойым жылыды. Балам да бауырсақ жеп, қуанып қалды. Әрине мұндай бастама тонып жүрген кезде жанға жылу береді. Қаламызда осындай акцияның қолға алынғанына қуаныштымын, - деді елордалық тұрғын Жоламан Сатыбалдинов.

Айта кетейік, аталмыш акция қыстың соңына дейін жалғасады.

Индира Бержанова

Барлық жаңалықтар