00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

Нұр-Сұлтанда жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ ұсталды

25.02.2023 | 05:39
Елорда ақпарат
101

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге алаяқтықтың 11 эпизоды бойынша кінә тағылып, дәлелденген. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық залал шамамен 1 млн теңгеге бағаланады.

Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны бірнеше ай бойы елордадағы пәтерлерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастырғаны анықталды. Жарнамаларда ол нарықтық бағадан төмен баға қойған және асығыс екенін, пәтер жалдағысы келетіндердің көптігін сылтауратып алдын-ала төлемді талап еткен. Оны ұялы аударым арқылы алған. Мәселен, былтырғы қараша айында Krisha KZ қосымшасы арқылы жалған хабарландыру жариялап, Қабанбай батыр даңғылы мекенжайы бойынша пәтерді жалға беру сылтауымен елорда тұрғынын алдап, 110 мың теңге көлемінде қаражатын иемденген, – делінген хабарламада.

Күдікті қамауға алынды, ҚК 190-бабы 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта қалған жәбірленушілер анықталуда.

Барлық жаңалықтар