00:00
Астана -10oC
USD:
473.15
EUR:
515.12
RUB:
5.4
Іздеу

Биыл астана көшелеріне 13 SOS дабыл түймесі орнатылады

24.02.2023 | 15:42
Елорда ақпарат
114

Арнайы құрылғы қандай да бір төтенше жағдай кезінде дабыл сигналын жіберуге және полицияны шұғыл шақыруға арналған. Әсіресе қолыңызда ұялы телефон болмағанда немесе ол бұзылып қалғанда jның көп көмегі тиеді.

«Азаматтар осы құрылғының батырмасын басып, Жедел басқару орталығының полиция қызметкерімен тез арада байланысуға мүмкіндік алады. Бейнекамераның көмегімен видеотүсірілім, ал динамикалар арқылы аудиобайланыс жасалады. Барлық мәлімет автоматты түрде тіркеледі», - деді қалалық ПД бастығы Ержан Сәденов.

Оның айтуынша, биыл жыл соңына дейін халық көп жиналатын орындарға барлығы 13 SOS түймесін қою жоспарланған.

Барлық жаңалықтар