«Nur Otan»: Үш ауысымды мектептің мәселесі мен жалғызбасты аналардың жағдайы талқыланды

0
162

Әлеуметтік қамсыздандыру мен қаладағы экологиялық жағдайларға байланысты мәселелер бүгін БПҰ автошаруашылық ұжымымен өткен агитациялық кездесуде талқыланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Кездесуге қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Индира Рыстина мен Нұрғали Кенжебаев қатысты. Үміткерлер кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламаларының негізгі тұстарын атап қана қоймай, ұжым тарапынан туындаған сұрақтардың барлығына жауап берді.

«Бүгінгі кездесуде мен аталмыш 4 мәселені атап көрсеттім. Алғашқысы, ол үш мерзімді ауысымды оқыту; екіншісі- елордадағы жаңа аудандарда мектеп салу мәселесі; үшінші- ол көпбалалы және жалғызбасты аналарға үй алып беруге жәрдемдесу. Соңғы қаралған мәселе-ол экология мәселесі»,- деді үміткер Нұрғали Кенжебаев.

«Осы сайлау өте ерекше.  Себебі сайлау форматы мажоритарлы жүйемен емес, пропорционалды жүйемен жүретін болады. Сайлаушылар бюллетеньде жекелеген адамдарға емес, партияларға дауыс беруі тиіс. Тағы да айтып өтетін жайт, партия республикалық деңгейде ғана емес, сонымен бірге әр аймақ пен әр ауданға арналған сайлауалды бағдарламалары бар», – деп пікір білдірді Индира Рыстина.

Кездесу соңында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша да арнайы бағдарлама жазылғанын, ол 10 күрделі мәселені шешуге бағытталғанын атап көрсетті.

Нұр-Сұлтан қаласындағы “Nur Otan” партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.